Электр самокат жүргізушілерінің 100-ден астам құқық бұзушылықтары анықталды

Электр самокат жүргізушілерінің 100-ден астам құқық бұзушылықтары анықталды

Қостанай облысының жолдарында патрульдік полиция электр самокаттардың 107 жол ережесін бұзғанын анықтады деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметінен.

Полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін осы көлік құралдарының жүргізушілері қандай жауапкершілікке тартылатынын айтты.

– Негізінен самокат жүргізушілері қорғаныс киімін пайдалану талаптарын бұзады. Мұндай бұзушылықтар үшін ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабында 5 АЕК немесе 17 мың теңге мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Жүргізушілердің 90 пайызында электр самокаттарын басқару кезінде жүргізуші куәлігі болмайды. Біз оларды ӘҚБтК-нің 620-бабы бойынша 3 АЕК немесе 10 мың теңгеден астам мөлшерде ескерту немесе айыппұл салумен жауапқа тартамыз, – деп атап өтті Қостанай облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Алексей Милюк.

Бұзушылықтардың басым көпшілігі облыс орталығына тиесілі. Мұнда электр самокаттародың 90-нан астам жол қозғалысы ережелерін бұзғаны анықталды.

Қостанай облысының ПД заңда электр самокаттарды пайдалану ережелері белгіленгенін еске салады. Жолдың жүріс бөлігінің оң жақ жиегімен жүруге рұқсат етіледі, бұл ретте жүргізуші кемінде 18 жаста және бас киімі мен шағылыстыратын киімі болуы тиіс. Сонымен қатар, кез-келген санаттағы жүргізуші куәлігі болуы керек. Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға қатаң тыйым салынады.

Жаңалықтармен бөлісу