Экобелсенділер «Таза Қазақстан» акциясы аясында жеміс бақтарын жандандырды

Экобелсенділер «Таза Қазақстан» акциясы аясында жеміс бақтарын жандандырды

Бүгін облыстың барлық аудандары мен шалғай елді мекендерінде Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» ауқымды акциясының бірыңғай күні өткізіліп жатыр.
Федоров ауданында ғана экологиялық акцияға бір уақытта 700-ден астам адам жұмылып отыр.

Олар – білім, мәдениет, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, бизнес-қоғамдастық өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, жастар, еріктілер, сондай-ақ өңірдің еңбек ардагерлері.

 Бүгін федоровтықтар «Жасыл мекен» жасыл желектерін отырғызуға кірісті.
Айта кетейік, 2021 жылдан бастап Федоров ауданы ауыл тұрғындарының өтініші бойынша құрылған жалпы ауданы 1,3 га болатын өзінің жеміс бақшасымен танымал.

Биыл бақтың аумағында 820 пирамидалық терек және 200 қарағай мен қайың көшеттерін отырғызу жоспарланды.

Бірнеше жыл ішінде жас бақ ауыл тұрғындарын алма, алмұрт, теңіз шырғанақ және шиенің алғашқы жемістерімен қуантып үлгерді.

«Үш жыл бұрын аудан әкімі Тауба Исабаев пен педагогикалық еңбек ардагері Сәуле Нұркинаның бірлескен бастамасымен жастар Федоровка ауылында 400-ден астам жеміс ағашын отырғызды. Осылайша  жеміс бағы салынды. Бұл жұмыс жалғасуда және қазіргі уақытта Первомай ауылында 5 га аумақта 400-ге жуық ағаш отырғызылған жеміс бағы қалпына келтірілді.  Онда алма, таңқурай, алмұрт, көкжидек, қарлыған өседі. Биыл жасыл желектерді ұлғайту үшін аудан әкімдігі жалпы ауданы 487 га қосымша жер телімін берді. Учаске Қоржынкөл ауылдық округінің аумағында орналасқан, онда «Assyl Orman» ЖШС жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр. Осы жылы кәсіпорынмен бірігіп 12,5 га аумақ қамтылады», – деп атап өтті Федоров ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Инна Бекмұхамбетова.

Ауданды көгалдандыру бойынша жоспарлы жұмысқа тек экобелсенділер ғана емес, Усаков орман шаруашылығы мекемесінің қызметкерлері де қатысып жатыр. Алдымен аудан аумағында орман шаруашылығымен 84 гектарға жуық қарағай, сондай-ақ 29 гектар қайың отырғызылды.
Ағаштарды отырғызудан басқа, жауапты ұйымдарды бекіте отырып, одан әрі суару, азықтандыру және күту жұмыстары ұйымдастырылады.

Тоғжан Әбдуалиева,

Арсен Конкаев,

ҚӨУ – нің студенттері

Жаңалықтармен бөлісу