Екіжақты тауар айналымының 70%-ке жуығы өңірлердің үлесіне тиесілі

Екіжақты тауар айналымының 70%-ке жуығы өңірлердің үлесіне тиесілі

Бірнеше минуттан соң Қостанайдағы смарт-орталықта ХІХ Қазақстан мен Ресей өңіраралық форумы басталады. Қазір екі мемлекеттен келген делегация мүшелері тілшілермен сұқбаттасып, өз салаларындағы жетістіктерімен бөлісіп жатыр. Өңіраралық форумға дәстүрлі түрде екі ел өңірлерінің өкілдері мен кәсіпкерлері қатыспақ. Спикерлердің айтуынша, бұл маңызды іс-шара көршілес екі мемлекеттің ірі кәсіпкерлерін, шағын және орта бизнесті біріктіреді.

Алқалы басқосуға РФ Алтай өлкесінің губернаторы, Башқұртстан мен Кабардин-Балқар Республикасының басшылары да келді. Жалпы, Тобыл өңіріне барлығы Ресей Федерациясының 17 субъектісі келген.

Айта кету керек, екіжақты тауар айналымының 70%-ке жуығы өңірлердің үлесіне тиесілі. Биыл бұл көрсеткіш 30 млрд АҚШ долларға жақындады. Форум аясында өңірлер мен екі елдің компаниялары арасында жаңа келісімдерге, меморандумдар мен өзара тиімді келісімшарттарға қол қойылмақ. Маңызды іс-шара Ресей мен Қазақстан арасындағы интеграциялық байланысты, бірлескен сауда-инвестициялық қызмет пен мәдени-гуманитарлық қарым-қатынасты дамытуға серпін береді.

Жаңалықтармен бөлісу