Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға кезекті сапарын бұл екі ел арасындағы әріптестікті экономика, логистика, энергетика, өңдеу өнеркәсібі сияқты түрлі салаларда кеңейтуге жол ашатын маңызды оқиға дер едім. Сонымен қатар бұл сапар – еліміздің халықаралық аренадағы беделінің артып келе жатқанын көрсететін көрініс.
Астанада өтіп жатқан «Қытай – Орталық Азия» екінші саммиті де еліміздің аймақтағы маңызын айқындай түседі. Бұл форум қазіргі күрделі геосаяси жағдайда өзара тиімді әрі сындарлы диалог орнатуға болатынын дәлелдейді.
Біз саммит қорытындыларын күтіп отырмыз және екіжақты қарым-қатынастың жаңа деңгейге көтеріліп, болашақта бірлескен жобалар аясында нақты нәтижелерге қол жеткіземіз деген сенімдеміз.
Қытайдың қауіпсіздікке қатысты мүддесі – тек сыртқы қатерлерге ғана емес, ішкі тұрақтылықты сақтауға да бағытталып отыр. Қазақстанмен арадағы өзара түсіністік пен шекаралық тұрақтылық – аймақтағы бейбіт өмірдің кепілі. Осы саммит аясында қауіпсіздік саласындағы сенімді нығайту – өңірдің бейбіт әрі көпвекторлы саясатының тірегі болады.
Серік БЕКТҰРҒАНОВ,
«Тобыл» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ
Басқарма төрағасының орынбасары