Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Арқалық қаласына қарасты Екідің ауылының тұрғындарына жан-жақтағы тумалары көмек қолдарын созып, азық-түлік киім-кешек жинап, ізгілік адами қасиеттерін танытты.Жиналған гуманитарлық көмектің алғашқы легі ауылдағы ағайындарына бүгін тікұшақпен жөнелтілді.
Жатақханада орналасқан жерлестеріне де тиісті көмектер апарылып, беріліп жатыр.
Көп балалы бір отбасына қаладан пәтер жалдап берген. Енді, тағы екі көпбалалы отбасына осындай мүмкіндіктерді қарастыру үстінде.
“Астанадан кеше бір Газель жүк көмек келді, бүгін тағы біреуі келеді. Соларды бөліп, үлестіріп беріп жатырмыз. Бүгін су тасқыны кезінде құтқарылған шаруа қожалықтарындағы жерлестеріміз Жезқазған жақтан пойызбен келеді. Оларды да күтіп алып, жағдайларын жасайтын боламыз”, – дейді Екідің аувлының тумасы, волонтер Ботакөз Омарова.
Суреттерді түсірген автор.
Арқалық қаласы.