Екі жүзден астам шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Екі жүзден астам шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Биыл Қостанай қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты 265 шетелдікті әкімшілік жауапкершілікке тартты деп хабарлайды прокуратура өкілдері.

Құқық бұзушылықтардың дені мерзімін бұзумен байланысты болып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, шетелдік азаматтардың елімізде болу уақыты алты ай ішінде 90 күннен аспауы тиіс.

Қостанай қаласының прокуратурасы Қазақстан Республикасынан бұрын шығарылған шетелдіктерге немесе азаматтығы жоқ адамдарға шығарып жіберу туралы сот шешімі орындалған күннен бастап, бес жыл ішінде кіруге тыйым салынатынын түсіндіреді.

Жаңалықтармен бөлісу