22 мая, 2025
Екі қабатты ғимарат өртке оранды

Екі қабатты ғимарат өртке оранды

Қостанайдағы Карбышев көшесі 95 мекенжайындағы екі қабатты ғимараттан өрт шықты деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Жалын 130 шаршы метр алаңды шарпып, бірінші қабатындағы жиһаз цехы мен резина өнімдерін шығаратын кәсіпорын өртке оранған.

Әлі де өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Полиция қызметкерлері Чкалов-Волынов көшелерінің арасындағы жолды жауып тастады.

Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Қауіпті аумақ 21-57 оқшауланып, он техникамен құтқарушылар жұмылдырылды.