9 Сәуір, 2025
Екі ауданға таралды деген дала өрті сөндірілді

Екі ауданға таралды деген дала өрті сөндірілді

Барлық мүдделі қызметтердің жедел және үйлесімді жұмысының арқасында өрт 17:05-те сөндірілді, деп хабарлады облыстық әкімдіктен.

Сондай-ақ, өрттің мемлекеттік орман қоры аумағына таралуын болдырмау үшін Басаман орман шаруашылығы бөлімі тарапынан орман қоры шекарасындағы жерлерге қосымша жырту жұмыстары жүргізілген.

“Орман қоры шекарасындағы жұмыстарға Басаман және Семиозерный орман шаруашылығы кәсіпорындарынан 24 бірлік техника мен 38 адам тартылды.

Даладағы өртті сөндіру жұмыстарына Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдардан 10 бірлік техника мен 50 адам жұмылдырылды”, – делінген әкімдік хабардамасында.

Жаңалықтармен бөлісу