ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің департаменті “е-Өтініш” жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу және өтініштерді, хабарламаларды, сұрау салуларды, жауаптарды, ұсыныстарды қарау туралы дөңгелек үстел өткізді.
Департамент іс-шараны Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп ұйымдастырылды.
Еске сала кетсек, 2019 жылғы 2 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» жолдауын жолдады. Онда “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасын іске асыру және ҚР жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін қабылдау шеңберінде бүкіл ел бойынша “е-Өтініш” ақпараттық жүйесі енгізілді.
Дөңгелек үстелде Департамент аумақтық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшыларымен талқылау үшін АППК талаптарын сақтау және Бас Прокурордың өтініштерді тіркеу және есепке алу жөніндегі бұйрығының қорытындыларын жинақтады.
“”Е-Өтініш” арқылы өтініш берушілер мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, заңды тұлғаларға мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен электрондық өтініштер береді. Осы жылдың 5 айында Қостанай облысының әкімшілік органдарына 54 899 өтініш келіп түсті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 30,5% – ға артық. 42 591 өтініш қаралды, оның ішінде электронды форматта – 29 546″, – дейді ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті облыстық департаментінің басшысы Марат Жолмағанбетұлы.
Статистикалық мәліметтерді талдау мен өтініштер арасында топ-5 сипаты анықталды. Оларға Мемлекеттік кірістер, сот актілерін орындау, мемлекеттік тұрғын үй қоры, кәсіпкерлік мәселелері, халықты құжаттандыру жатады.
“Бұл бестікті Мемлекеттік кірістер органдары бірінші орында тұр. Олар 1574 өтінішті қарады. Екінші орында “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” АҚ Қостанай облысы бойынша филиалы – 854 өтініш. Барлық деңгейдегі әкімдіктермен, құрылымдық бөлімшелермен және ведомстволық бағынысты ұйымдармен 599 өтініш қаралды”, – дейді Департаменттің өтініштерді талдау және бақылау бөлімінің басшысы Гүлмира Әлібаева.
Іс-шара барысында Гүлмира Баянқызыжиі қайталанатын құқық бұзушылықтардың негізгі түрлеріне тоқталып өтті. Мәселен, өтініштерді жұмыс уақытында қабылдамау, өтінішті қарау мерзімдерін бұзу, өтініштерді негізсіз есепке алу сияқты ескертулер айтылды.
“Аталған бұзушылықтардың себептері – өтініштермен жұмысты тиісінше ұйымдастырмау және басшылық тарапынан бақылаусыздық деп санаймыз. Өз кезегінде Департамент бақылау-қадағалау қызметін жүзеге асыруды және заңдылықтың бұзылуына ден қоюды жалғастырады”, – дейді ол.
Диана БАТЫРБЕК
Суреттер Қостанай облысының ТЖ Департаментінің әлеуметтік желісінен алынды