28 мая, 2025
Дубайдағы ат бәйгесінде қазақстандық сәйгүлік бірінші келді 

Дубайдағы ат бәйгесінде қазақстандық сәйгүлік бірінші келді 

Дубайдағы Мейдан ипподромында өткен беделді бәйгеде қазақстандық Кабирхан есімді тұлпар жеңіске жетті деп хабарлайды zakon.kz.2000 метрлік жарысқа қатысқан он үш жылқының арасында шабандоз Пэт Доббс мінген Кабирхан мәре сызығын бірінші болып кескен.

Кабирхан бұған дейінгі қатысқан тоғыз жарысының барлығында жүлдесіз қалмаған. Соның біреуінде ғана екінші келіп, қалғанында бірінші орын алған. Мына Дубайдағы жеңісі тұлпардың ең үздік нәтижесі екен.