Дизельдік отын бағасы өспейді

Дизельдік отын бағасы өспейді

Фермерлер үшін дизельдік отын бағасы өзгеріссіз қалатын болды. Тоннасы – 222 мың теңге.

Не болмаса мұнай өндіру зауыттарының қақпасының алдынан сатып алсаңыз, литрі 184 теңге болады. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері (АШТӨ) операторларының шығындарын есепке алғанда, орта есеппен литрін 204 теңгеден тұрмақ.

Көктемгі дала жұмыстарына межеленіп отырған көлем – 413 мың тонна. Әлбетте АШТӨ операторлары арқылы тиісті аймақтарға жөнелтіледі.
Айталық, ақпан айында 82,1 мың тоннаның 77,4 мыңы немесе 95,4 %-ы тиеп-жөнелтілген. Ал наурызда 102,2 мың тонна дизель отынының 78,4 мыңы немесе 77 % пайызы үлестірілген.

Ең бастысы, өтінімдер уақытылы беріліп, төлемі дер кезінде жасалып, вагон-цистерналар кешікпей қойылуы шарт.

Жаңалықтармен бөлісу