Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қолдауымен, «Нұр-Қазақстан» қажылық компаниясының демеушілігімен, «Қостанай таңы» газеті редакциясының бастамасымен облыстағы қазақ тілді журналистер арасында «Дін және қоғам» байқауы өтеді.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2024 жылды «Ислам және дәстүр құндылығы жылы» деп жариялаған еді. Осы бағытта жыл басынан бері әртүрлі рухани іс-шара өткізіліп келеді. «Дін және қоғам» облыстық журналистер байқауы да ғасырлар сынынан өткен ұлттық, діни құндылықтардың насихатталуына себепші болады деп есептейміз. Олай болса, назарларыңызға байқаудың ереже-шарттарын ұсынамыз.
Байқау мақсаты:
– облыстағы қазақ журналистерінің кәсіби біліктілігін арттыруға ықпал ету;
– теле-радио және баспасөз тілшілерін шығармашылық, материалдық тұрғыда ынталандыру;
– діни-рухани құндылықтарға қоғам назарын аударту.
Байқау тақырыптары:
1.Діни экстремизм мен терроризм – жалпыға ортақ мәселе
- Дін мен дәстүр – халық қазынасы
3.Отбасы құндылығы – ұлттық тәрбие негізі
- Конфессияаралық татулық – тұрақтылық пен келісім кепілі
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
– байқауға қазақ тілінде жазатын және хабар тарататын облыс көлеміндегі телевидение, радио және газет-журнал журналистері қатыса алады;
– 2023 жылдың 1 маусымынан бастап жарияланған, эфирге шыққан материалдар (телевизиялық және радио бағдарламалардың циклі, мақала, сұхбат) жолдануы керек;
– басылым материалдары түпнұсқа немесе ксерокөшірме түрінде (басылымның атауы, күні және автормен байланыс жасау мәліметтері толық көрсетіле отырып) ұсынылуға тиіс;
– дыбыстық-визуалды жұмыстар эфирлік анықтамамен бірге телевизиялық бағдарламаның көшірмесі түрінде (cd/dvd дискілерімен, flash-тасымалдаушыларымен) жолдануы қажет;
– әр журналистен 1 ғана материал қабылданады;
– ұсынылатын материалдарға мыналар қоса берілуі шарт: журналистің қысқаша өмірбаяны, автордың сапалы фотосуреті.
Материалдарға қойылатын талаптар:
– тақырыпқа сәйкестігі;
– жаңашыл көзқарас;
– мәселені талдаудағы тереңдігі;
– нақтылық пен логикалық негізделуі;
– мазмұндау стилі мен тілі, техникалық сапасы;
– авторлық тұжырымдаманың дербестігі;
– жарияланымда немесе дыбыстық-визуалдық жұмыста мазмұндалған ақпараттың анықтығы мен шынайылығы;
– журналистиканың этикалық қағидаларына сәйкестігі;
– безендірілуі.
Байқау комиссиясының міндеттері:
– комиссия құрамына белгілі журналистер, Қоғамдық даму басқармасы, Дін басқармасы және дін саласының өкілдері кіреді;
– Комиссия өкілдері материалдарды іріктеу кезінде материалдың объективтілігі, автордың кәсіби шеберлігі (тақырыпты жан-жақты ашуы, жұмыстардың толымдылығы) секілді негізгі шарттарды басшылыққа алады;
– ережелерге және тақырыптарға сәйкес келмейтін, қабылдау мерзімінен кешігіп түскен жұмыстар байқауға жіберілмейді. Ұсынылған материалдар қайтарылып берілмейді;
– байқау материалдарын бағалау, жеңімпаздарды анықтау және жүлдегерлерге сыйлық тағайындау комиссия шешімінен жүзеге асады. Материалдарды қарау, қорытындылау регламентін комиссия белгілейді;
– комиссия мүшелері байқауға қатыса алмайды.
Ұйымдастыру комитетінің міндеттері:
– Байқауды өткізуді үйлестіру «Қостанай таңы» газеті редакциясы бекіткен тәуелсіз комиссияға жүктеледі;
– материалы жалпы ереженің талаптарына сәйкес келмеген үміткерді байқауға өткізбеуге;
– комиссия мүшелерінің өкілеттіліктерін асыра пайдаланғаны анықталып жатса, байқау қорытындыларын жоққа шығаруға құқылы;
– барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасауға;
– байқау өткізудің жариялылығын қамтамасыз етуге;
– байқау нәтижелері туралы мәліметтердің уақытынан бұрын жария етілуіне жол бермеуге міндетті.
Байқау қорытындысында жүлдегерлер:
– Бас жүлде – Түркияға 1 жолдама;
– 1-орын – 150 000;
– 2-орын – 100 000;
– 3-орын – 50 000.
Материалдарды қабылдау
– журналистер жұмысын қабылдау байқау жарияланған күннен басталып, 2024 жылдың 10 маусымында (сағат 18:00-де) аяқталады;
– Редакция мекенжайы: Қостанай қаласы Әл-Фараби даңғылы, 90-үй, «Қостанай таңы» газеті редакциясы;
– Байланыс телефоны: 8(7142) 54 84 44.
– Ұялы телефон нөмері: 8 701 855 96 76 (WhatsApp)
– Электронды мекенжай: kostanaytany@mail.ru
Фото: dauletten.kz