Дін істері басқармасының басшысы Астанаға қызметке ауысты

Дін істері басқармасының басшысы Астанаға қызметке ауысты

Ерлан Болатұлы Қалмақов  Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры болып тағайындалды.

Ерлан Болатұлы Қалмақов 1987 жылғы 14 қазанда Қостанай облысында дүниеге келген.

2008 жылы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтын «Тарих» мамандығы бойынша, 2010 жылы А. Байтурсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2024 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын 2006–2008 жылдары «Қостанай таңы» газетінің редакциясында тілші болып бастаған.

2008–2009 жылдары Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының жастармен және жастар бірлестіктерімен жұмыс жөніндегі бөлімінде жетекші маманы.

2009–2012 жылдары Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарын мониторингілеу бөлімінде бас маманы.

2010–2012 жылдары Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының жастармен жұмыс және саяси партиялармен өзара іс-қимыл бөлімінің бастығы.

2012–2016 жылдары Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары.

2016–2023 жылдары Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының басшысы.

2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.

2024 жылғы 25 қарашадан бастап Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры лауазымына тағайындалды.

 

Жаңалықтармен бөлісу