Алтынсарин ауданындағы шипажай аумағынан өрт шықты. Оны демалыс орнының қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар дер кезінде байқап, өрт сөндірушілерді шақырған. Істің жедел әрі тез болуының арқасында өрт аса ауыр зардап әкелмеді.
— Аудан әкімімен бірге өрт шыққан жерге бардық. Жедел шара қолданудың арқасында өрт дер кезінде ауыздықталды. Жаз айында өрттің шығу себебін нақты анықтау қиын. Биылғы ыстық ауа райы қолайсыздық тудырып жатыр. Сол үшін адамдарға қауіпсіздік ережелерін сақтап, қоршаған ортаны қорғауға шықырамын, — дейді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жәнібек Қапсұлтанов.
Б. МЕЙРАМҰЛЫ
Алтынсарин ауданы