Денисов ауданының шалғай ауылдарына бейнебақылау камералары орнатылып жатыр

Денисов ауданының шалғай ауылдарына бейнебақылау камералары орнатылып жатыр

Денисов ауданы қауіпсіз ауданға айналып келеді. Қазіргі таңда ауданда 12 бейнебақылау камерасы орнатылған. Биыл жергілікті бюджет есебінен 16 млн 576 мың теңгеге қосымша 6 камера орнатылды.

Бейнебақылау заңсыз әрекеттерді анықтау және олардың алдын алуға мүмкіндік береді. Камералардың негізгі функциялары – бейнетіркеу, деректерді өңдеудің интеграцияланған жүйесі, сенімді бағдарламалық жасақтама. Мұның бәрі әртүрлі жағдайларда, әсіресе, түнде бейнебақылау жүйелерінің тиімді жұмыс жасауға қолайлы. Енді шалғай аймақтарды қамту жоспарланып отыр.

«Бейнебақылау жүйелері бүгінгі таңда ең тиімді техникалық құрал болып саналады. Дұрыс орналастырылған бейнебақылау қауіпсіздікті нығайтуға кең мүмкіндіктер береді. Осы жылы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлімі Денисов ауылындағы көшелерге бейнебақылау камераларын орнатты. Алдағы уақытта қоғамдағы тәртіп қазіргіден де жақсара түседі деп сенеміз» – дейді Денисов ауылдық округінің әкімі Нұрлан Кәрімбаев.

Заманауи электорондық аспаптар көше бойларынан бөлек, білім мекемелері мен денсаулық сақтау ұйымдарына да орнатылатын болады. Кезекші оператордың айтуынша, оқиғалар болған жағдайда операторлар ақпаратты осы учаскедегі полиция қызметкерлеріне жедел береді. Бұл бағыттағы жұмыс келесі жылы да жалғасатын болады.

Әсел ҚИБАШ

Жаңалықтармен бөлісу