Дауыс беру әлі жалғасып жатыр

Дауыс беру әлі жалғасып жатыр

Қостанай қаласындағы №11 мектеп ғимаратында орналасқан №25 және №853 дауыс беру учаскескелерінде тұрғындар таңертеңнен бері өз таңдауын жасап, қалаған партияларына дауыс беруде.

– Сайлау учаскелері барлық талаптарды сақтап, жұмыс істеуде. Таңғы сағат 7.00-ден бастап тұрғындарды қабылдап жатырмыз. Учаскеде жауапты адамдар барлығын талаптарға сай ұйымдастырды, сайлаушыларға да барлық тиісті жағдайлар жасалды. Таң атпай алғаш келген сайлаушыларға кішігірім сыйлықтар да табыс етілді. Ешқандай заң бұзушылықтар орын алған жоқ, – дейді №25 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Айбек Молдабеков.

 

Саяси додада өз таңдауын жасағандардың бірі Раушан Нұрғалиева.

– Бүгінгі күніміздің ертеңгі тарихқа айналатынына сенемін. Себебі, бұл өзгеріс біздің болашағымызды айқындайды. Осындай жауапты кезеңде мен де өз үлесімді қосып, дауыс бердім. Биылғы Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарын сайлау науқаны жаңа әрі ерекше тәртіппен өтуде. Бір ерекшелігі, биыл саяси алаңда жаңа екі партия пайда болды. Олар – “Байтақ” жасылдар партиясы мен Respublica партиясы. Сондай-ақ, бұл  жолғы саяси додаға азаматтық белсенділер мен қоғамдық пікір көшбасшылары да ерекше белсенділік танытып, сайлауға  түсіп жатыр. Өз басым бұл жолғы сайлаудан көп нәрсе күтемін,  – дейді Р.Нұрғалиева.

Айта кетейік, дауыс беру бүгін сағат 20.00-ге дейін жалғасады.

Жаңалықтармен бөлісу