AMANAT партиясына жаңа баспасөз хатшысы Дархан Әбдуахит 1983 жылы 12 шілдеде Қостанай облысында дүниеге келген. А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің түлегі. Еңбек жолын «Жас қазақ», «Алға» журналдарында бастаған. «Хабар» арнасында «Жеті күн», «Бетпе-бет» бағдарламаларының жүргізушісі болды. 2022 жылдан бастап «Хабар 24» арнасында шығарушы редактор қызметін атқарды.