Акция кезінде Қазақстанның әрбір тұрғыны тауар, жұмыс және қызмет үшін төленген сомаға берілетін чектерді «Amian» мобильдік қосымшасына тіркеу арқылы бағалы сыйлықтарды ұтып алу мүмкіндігіне ие болмақ.
Акцияға тек деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналарының чектерімен қатыса аласыздар.
Бұл акция көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту үшін ұйымдастырылып отыр. Бір жағы азаматтық белсенділікті арттыруға, тауар, жұмыс және қызмет тұтынушысы ретіндегі құқықтық мәдениет қалыптастыруға таптырмас құрал екені сөзсіз.
Акция шарттары бойынша чектің берілген күні мен уақыты ұтыс ойыны басталған күннен ерте болмауы тиіс. Бір қатысушы тіркейтін чектер саны шектелмеген.
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің хабарлауынша, аталған акция қыркүйектен жыл аяғына дейін жалғаспақ.
«Amian» қосымшасын App Store және Play market-тен тегін жүктеуге болады.