Чехия “Тобыл” сапындағы Ресей-Беларусь ойыншыларына рұқсат берді

Чехия “Тобыл” сапындағы Ресей-Беларусь ойыншыларына рұқсат берді

«Тобыл» ойыншылары Иван Коновалов, Павел Киреенко, Альберт Габараев, Павел Забелин және фитнес-бапкер Евгений Кресик Шенген визаларын алды, деп хабарлады «Тобыл» футбол клубының ресми сайтынан.

Аталған футболшылар Чехияның Пльзень қаласына келіп, командаға қосылды.

Бүгін қостанайлықтар Конференция лигасының плей-офф кезеңі аясында «Викторияға» қарсы матч өткізеді.

Жаңалықтармен бөлісу