Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Қостанай таңы» газетінде қызмет еткен бұрынғы әріптесіміз Жұматай Кәкімжанов таяуда Әулиекөл ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
ІІМ басшысы әріптестеріне Ұлттық ұланның Бас қолбасшысын таныстырды
Ішкі істер министрі Ержан Саденов полиция ведомствосының орталық аппаратының қызмет басшыларына өзінің жаңа орынбасары, Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабековті таныстырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Журналистер одағы Қостанай облыстық филиалына жаңа басшы сайланды
Төралқа мүшелерінің шешімімен филиал төрайымы болып «Біздің Қостанай » газеті редакторының орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Александра Сергазинова сайланды.
Облыс әкімдігінде кадрлық өзгерістер
Қостанай облысы әкімі Құмар Ақсақаловтың өкімімен ағымдағы жылдың 25 мамырынан бастап, ҚАЛМАҚОВ Ерлан Болатұлы Қостанай облысы әкімдігінің дін істері басқармасының басшысы болып тағайындалды, бұған дейін мәдениет басқармасының басшысы қызметін атқарған.