Qazaqstan Football League президенті ретінде Ерлан Жамантаев сайланды. Бұл шешім Лига мүшелерінің сырттай отырысында қабылданды. Дауыс берушілердің көпшілігі 50 жастағы отандық маманның кандидатурасын мақұлдады.
Облыстық грек-рим, еркін және әйелдер күресінің жаңа Президенті тағайындалды
Костанай облысының грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының Президенті болып Мақсат Аршабайұлы Ережепов тағайындалды.
Ринат Мұхаметқали Мәдениет және ақпарат министрлігінде жаңа қызметке тағайындалды
Ринат Зәкиұлы Мұхаметқали ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Мәдениет және ақпарат министрілігі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.
Жаңа аудан әкімдері тағайындалды
Облыс әкімінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы өкімімен және Сарыкөл ауданы мәслихатының келісімімен Сарыкөл ауданының әкімі болып Марат Лесбекұлы Шымырбеков тағайындалды.
Мәжіліс Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің кандидатурасына келісім берді
Бүгін Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі лауазымына Серік Мақашұлы Жұманғариннің кандидатурасы келісілді.
Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті ауысты
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың қатысуымен Қазақстан ауыр атлетика федерациясының есеп беру конференциясы өтті. Іс-шара барысында федерацияның алдағы кезеңдегі жоспарлары мен даму стратегиялары талқыланды.
Қостанай жоғары педагогикалық колледжінде жаңа директор
Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасының қаулысына сәйкес, конкурстық комиссия шешімі бойынша «Қостанай жоғары педагогикалық колледжі» КМҚК директоры болып Жомарт Қоңырбайұлы Құсайын тағайындалды. Жомарт Қоңырбайұлы 1976 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. 1998 жылы А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетін Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы мамандығы бойынша тәмамдады. 2017 жылы Оңтүстік-Орал мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университетінен «Педагогикалық білім магистрі» […]
Аудандық мәслихатта жаңа төраға
Амангелді ауданы әкімінің мәжіліс залында аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті. Жиын барысында Нұрлыбек Бөгетбайұлы Әлмағанбетов Амангелді аудандық мәслихат төрағасы болып тағайындалды.
Қостанай облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
Берік Қуанышұлы Танжарықов облыс әкімінің құрылыс, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
Аманкелді ауданында жаңа әкім
ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен, Қостанай облысы әкімінің өкімімен Қанат Уашұлы Кеделбаев Аманкелді ауданының әкімі болып тағайындалды. Осы тағайындауға дейін Аманкелді аудандық мәслихатының төрағасы қызметін атқарды.