Қазақ тіліне қате аударылған сөздер
ТүзеТілді

Қазақ тіліне қате аударылған сөздер

Аударма – аса күрделі сала. Оған жауапкершілікпен, ұқып, тиянақпен қарау керек. Тәржіма ісінде ұсақ қате деген болмайды. Ағат аударма нормаға айналып кетпеуі шарт. Кейде халықаралық терминдерді сыпырмай аудара берудің де қажеті жоқ. Бүгін «ТүзеТілді» айдарында сын садағына іліккен қате аудармалар туралы сөз қозғамақпыз.

Толығырақ
Шылаудың да сұрауы бар
ТүзеТілді

Шылаудың да сұрауы бар

Шылау дегеніміз – толық лексикалық мағынасы жоқ, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын, сөзге қосымша мән үстейтін көмекші сөздер. Бірақ осы шылауларды қалыптасқан заңдылығына сай қолданып жүрміз бе? Қандай ағаттықтарға жиі ұрынамыз? «ТүзеТілді» айдарының бүгінгі шығарылымында шылау сөздерге қатысты жиі кездесетін қателіктерді жиып-термекпіз.             «Тек қана». Қазақ тілінде шектік мәндегі демеулік “тек” және “қана/ғана” шылауларының бір […]

Толығырақ
Қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс?
ТүзеТілді

Қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс?

Күнделікті тілдік қолданыста әркелкі формада айтылып, жазылып жүрген сөздер көп. Кейбірі дыбыстық өзгеріске ұшыраған, енді бірі қисыннан ауытқыған, тұлғалары ұқсас сөздердің ретсіз пайдаланылып жүргенін де жиі байқаймыз. Бүгін «ТүзеТілді» айдарында осы ағаттықтарға нақты мысалдар келтірмекпіз.

Толығырақ
Қате қолданылатын сөздер мен тіркестер
ТүзеТілді

Қате қолданылатын сөздер мен тіркестер

Қазақ тілінде ұқсас болғанымен, екі түрлі мәнде қолданылатын сөздер бар. Сондай-ақ, күрделі есімдерді жаппай қосып жазу әдеті пайда болды. Оның сыртында, кіріккен сөздердің орфографиялық заңдылығы көп жағдайда сақтала бермейді. Бүгін «ТүзеТілді» айдарында осы олқылықтарды сөз етпекпіз.

Толығырақ
Қазақ тіліндегі калька сөздер
ТүзеТілді

Қазақ тіліндегі калька сөздер

Құрметті оқырман! Бүгіннен бастап «ТүзеТілді» атты жаңа айдар ашып отырмыз. Жобаның көздегені – қазақ тілін дұрыс қолдану дағдысын, сауатты сөйлеп, қатесіз жазу машығын қалыптастыру. Танымдық айдардың айтары, берері, үйретері көп болар деген үміттеміз. Олай болса, жобамыздың ізашар тақырыбы – қазақ тіліндегі калькалар. Мұнда сөзбе-сөз аудармаға ұшырап, салдарынан қате қолданылып жүрген сөздер мен тіркестерге тоқталамыз.

Толығырақ