Торғай өңіріндегі алғашқы провизор, Ұлы Отан соғысы кезінде еңбек майданында белсенділік танытып тылда қызмет істеген, Денсаулық сақтау саласының үздігі, Еңбек ардагері Мизанбай Жайлибаевтың еңбек жолын алғаш бастаған Аманкелді аудандық орталық ауруханасына ескерткіш тақта қойылды.
Жәнібектің арманы
Өмірдің кез келген нәрсеге деген құштарлығы, адамды басқа бағытқа бұратыны кездейсоқ емес. Жәнібектің де тағдыры осыған ұқсас.
Жас күміс алқа иегері қоғамға пайда әкелуді көздейді
Гүлімнің алға қойған мақсаты өте көп. Сол үшін тынбай еңбек етіп жатқан көп балалы ананың басты арманы – балаларға арналған орталық ашу.
Діни сауат ашқанның болашағы жарқын
Елордадан арнайы келген Астана мен Ресей колледжінің 2-3 курс студенттері Рауан Әскер мен Қасымхан Жұмабай Аудан орталығындағы «Оспанқожа әулие» мешітінің жанынан ашылған «Ғазиз қажы» атындағы медресе шәкірттеріне дәріс беріп жатыр.
Ел азаматының батырға деген құрметі
Аманкелді ауданының тумасы, белгілі меценат, «Нұр-Қазақстан» қажылық компаниясының Президенті Амангелді Қажы Еренғайыпұлы Амангелді Үдербайұлы Имановтың атынан қажылық өтегені туралы куәлікті аудан әкімі Талғат Тойшыбекұлына табыс етті.
Аралбай ауылының азаматтары әлеуметтік нысандар салуды жоспарлап отыр
Торғайдан Ақаң ауылы Ақкөлге барар жолда Аралбай деген ауыл бар. Аты айтып тұрғандай, айналасы тұнған көл, жері майса. Ауылының азаматтары да түрлі игілікті істің ұйытқысы болып жүр. Жуырда осы Аралбай тумалары кең көлемде «Ауылым – алтын бесігім» атты мәдени-көпшілік шара ұйымдастырды.
Қостанай ауданында көптеген жаңа нысан салынып жатыр
Қостанай ауданы адымы алымды, қадамы ширақ өңірлер қатарында. Қазір мұнда құрылыс қызып тұр. Ұзақ жылдар шешімін таппай келген көптеген мәселеге нүкте қойылған. Әр салада ілгерілеу бар. Аудан басшысы Жансұлтан Тәукенов жыл басынан бері атқарылған шаруаларды бүге-шігесіне дейін баяндап берді.
Тірек ауылда тіршілік бар
Биыл Арқалық өңірінде “Ауыл – ел бесігі” арнайы жобасы аясында жалпы ұзындығы 24 шақырымнан асатын көше жолдарына орташа жөндеу жүргізуге 1 млрд 168 млн теңге қаражат бөлінді. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жол сапасы жақсарғалы тұр.
Жанкелдин ауданында жазғы ойындар бәсекесі мәреге жетті
Оған ауданның әр ауылынан жүзден астам спортшы қатысып, бақтарын сынады. Торғай селосының спортшылары ең көп ұпай жинап, екі күнге созылған жарыстың жеңімпазы атанды.
Ұлытау өнерпаздары Торғай жерінде
Т. Қалмағанбетов атындағы Ұлытау филормониясы Арқалық қаласына келді. Қала-ауыл жұртын өнерімен сусындатты.