Жітіқара ауданындағы Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің стадионы жаңғыртудан өтті. Нысанға “Жігер” атауы беріліп, Жітіқара ауданының 95 жылдығына орай жергілікті спортсүйер қауымға үлкен сый болды. Стадионның таспасы дәл қала күні кесілді. Ашылу салтанатына алысты-жақыннан арнайы шақырылған қонақтар қатысты.
Рудныйда қала күні тойланды
Рудныйда қала күні мерекеленуде. Алғашқы күні “Диета.кз”, “Калиманджора” эстрада топтары мен опера әншісі Сүндет Байғожин жиналған дүйім елді өнерлерімен тәнті етті.
Лисаковтықтарды сүт өнімдерінің бағасы алаңдатып отыр
Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың қала тұрғындарымен кездесуінде әкімге халық көкейінде жүрген сұрақтар қойылды.
Лисаковта жаңа инженерлік жобалар қолға алынғалы жатыр
Сонымен қатар облыс әкімі Лисаков қаласындағы ыстық су қазандығы жұмысымен танысты. Нысан құрылысы биылғы жылдың шілде айында басталған. Жобаны келер жылдың наурыз айына аяқтау көзделген.
Лисаковта ауыз су сапасы артып келеді
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Лисаков қаласына жасаған іссапары «Лисаковскгоркоммунэнерго» ГКП-ге баруымен басталды. Онда қала әкімі Абай Ибраев аталмыш су тазарту нысанның тиімділігі туралы баяндады.
Рудныйлықтар апаттың алдын алды
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің өкілдері ERG құрамындағы “Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі” АҚ филиалына қарасты “Электр станция” (ЖЭО) нысанына баспасөз турын өткізді. Қатысушылар алдағы жылыту маусымында қаланы жылумен қамтамасыз ету жұмыстарының барысымен танысты.
Торғайдағы жер мәселесіне жуырда нүкте қойылады
Жанкелдин аудандық кезекті үшінші сессиясында аудан әкімі Шота Оспанов депутаттар алдында есеп берді. Күн тәртібінде осы жылдың жартыжылдығындағы әлеуметтік- экономикалық дамуының қорытындылары мен алдағы мақсаттары талқыланды.
Шөп дайындау науқаны аяқталуға жақын
Қыста малдың жұтамауы үшін жем-шөп мәселесі өте маңызды. Облыста күні бүгін төрт түлікке қажетті 1 млн 097,6 мың тонна шөп әзірленді. Оның 549,9 мың тоннасы ішінде ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына тиесілі.
Арқалықтағы Ержановтар отбасы бизнесте ел нарығына шығуды көздейді
Биылдан бастап мемлекет басшысының тапсырмасымен жастар кәсіпкерлігін қолдау үшін жылдық 2,5% – пен 5 млн теңгеге дейін жеңілдетілген несиелер беріле бастады.
Аманкелдіде әлеуметтік сала мен қоғамдық жұмыстарға сұраныс артып келеді
Елімізде осы айдан бастап халықты жұмыспен қамту орталықтары қайта құрылымдалды. Нақтырақ айтқанда, мемлекетімізде «Әлеуметтік кодекстің» күшіне енуіне орай жұмыспен қамту орталықтары «Еңбек мобильдігі» орталықтары болып қайта құрылды.