Қостанайдағы Назарбаев зияткерлік мектебінде «Замандастар жырлары» жобасы аясында белгілі журналист, айтыскер ақын, Ы.Алтынсариннің облыстық мемориалдық музейінің басшысы Марғұлан Оспановпен кездесу өтті.
«ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ-2024»: алғашқы күннің қорытындысы жария болды
19 мамырда «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің бірінші кезеңі аяқталды. Әзірше Шығыс Қазақстан облысы алда келеді. Жарыс жолында ұзын саны 16 команда қалған. Қостанай облысының командасы әзірге 9-орында.
“Шоқан Уәлиханов ізімен”: музей салынып, баспасөз туры өткізіледі
Сарыкөл ауданында «Шоқан Уәлиханов ізімен» атты әлеуметтік маңызы бар жоба қоғам талқылауына салынды. Мұндағы мақсат – ұлы ғалымның туған жері Күнтимес ауылын рухани мекенге айналдыру. Сондай-ақ тарихи тұлғаның есімімен байланысы бар мекендерге баспасөз туры ұйымдастырылады. Бұл туралы аудандық ішкі саясат бөлімі хабарлайды.
«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің үшінші маусымы Павлодар – Астана бағыты бойынша басталды
Павлодарда көрнекті геолог-ғалым Қ.Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Ұлы дала жорығы» кең ауқымды республикалық марафон-бәйгенің үшінші маусымы басталды.
Өңір шабандоздары жорыққа аттанды
Қостанай облысының шабандоздар командасы “Ұлы Дала Жорығы” бірегей марафон-бәйгесінің іріктеу кезеңіне аттанды. Осы бәйгеден озық келгендер Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында өнер көрсетеді.
Арқалықта ақсақалдар алқасы құрылды
«Мұхтасиб Әлмұхамед» қалалық мешіттің бас имамы Нұрхан қажы Асанұлы қала ақсақалдарының басын қосты. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тапсырмасымен “Ізгі қоғам” бағыты “Аталар мектебін” қалыптастыру тақырыбында алқалы жиын өткізді.
«Дін және қоғам» облыстық журналистер байқауы жарияланды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қолдауымен, «Нұр-Қазақстан» қажылық компаниясының демеушілігімен, «Қостанай таңы» газеті редакциясының бастамасымен облыстағы қазақ тілді журналистер арасында «Дін және қоғам» байқауы өтеді.
Бүгін – Дүниежүзілік кітап күні
Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні – бұл кітап пен оқуға деген сүйіспеншілікті арттыруға арналған мереке. Жыл сайын 23 сәуірде бұл мереке бүкіл әлемде атап өтіледі.
Ғасыр жасаған ақсақал Наурыз-бата берді
“Наурызнама” онкүндігінің бүгінгі атрибуты “Шаңырақ” аталады. Бұл күні отбасы құндылықтарын дәріптеуге арналған іс-шаралар легі жер-жерде өтіп жатыр. Мейрамның осы нышанды күніне орай, қостанайлық абыз ақсақал, майдангер, жыршы-термеші, ардагер журналист Қасымхан ата Алдабергенов халыққа Наурыз батасын берді. Кеудесі қазыналы, ауызы дуалы, сөзі уәлі, жүз жасаған сүйегі асыл қарияның ақжарма батасына қол жайып, “әумин” десейік, құрметті оқырман!
Арқалықтық жас ақынның жыр жинағы жарық көрді
Талант иесі Ернұр Әуезханның «Өлеңімде өмір сүріп келесің» атты тұңғыш кітабы шықты.