Бүгін – Дүниежүзілік кітап күні 

    Бүгін – Дүниежүзілік кітап күні 

Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні – бұл кітап пен оқуға деген сүйіспеншілікті арттыруға арналған мереке. Жыл сайын 23 сәуірде бұл мереке бүкіл әлемде атап өтіледі.

«AMANAT» партиясы да қазақстандықтардың зияткерлік және шығармашылық капиталын дамыту мақсатында «КІТАП – AMANAT» жобасын сәтті түрде жүзеге асырып келеді.

«Кітап-AMANAT» мәдени-ағартушылық орталықтары барынша қолжетімді бағадағы қажетті кітап қорымен қамтамасыз етілген. Онда қазақстандық әдеби туындылармен қатар әлемдік бестселлерлер де бар.

Жоба аясында жаңа кітаптарды талқылай отырып кездесулер, презентациялар, оқырман кештері түріндегі түрлі іс-шаралар тұрақты ұйымдастырылады. Оған қазақстандық ақын-жазушылар, баспагерлер және мәдени-ағартушылық орталық өкілдері қатысады.

https://t.me/AMANATPartiyasy

Жаңалықтармен бөлісу