Арқалықта мемлекеттік қызмет ардагері, қоғам қайраткері, Қостанай облысының құрметті азаматы Аманкелді Садырбековтің «Өмірімнің өрнектері» атты ғұмырнамалық кітабының тұсауы кесілді.
Қостанайда жаңа кітаптың тұсауы кесілді
Кітаптың авторы – жерлесіміз, дүниежүзілік стамотологилар ассоциациясының Еуропалық өңіраралық ұйымының академигі, Қазақстандық стамотологиялар ассоциациясының тұңғыш президенті, медицина ғылымының докторы Мақсұт Темірбаев.
«Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» байқауы шетелдік журналистердің елімізге қызығушылығы артқанын көрсетті
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Бас редакторлар клубымен бірлесіп дәстүрлі түрде өткізетін 9-шы жыл сайынғы «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» байқауына әлемнің 30-ға жуық елінен 80-нен астам қатысуға өтінім келіп түсті.
Аманкелдіде жаңа кітаптың тұсауы кесілді
Батпаққараның дарабоз ақыны, Тобыл-Торғай өңіріне өзінің сырлы сазымен белгілі болған, қазақ мәдениетіне ерекше еңбек сіңірген, ұстаз, әнші, айтыскер Құтжан Қанжығалиннің ұрпақтарының қолдауымен «Інжудей асыл сөзді жырмен төктім» атты кітабы Қостанайдағы «Қарлығаш»баспасынан жарық көрді.
Белгілі қолөнер шеберінің жаңа кітабы жарық көрді
Арқалық қаласының құрметті азаматы Шөптібай Байділдиннің «Қазақтың тұрмыстық ою-өрнектері» атты жаңа кітабы жарыққа шықты.
Сарыкөл ауданындағы домбыра думаны (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Ұлттық Домбыра күніне орай, облыста маусым айынан бастап «Күй шеруі» атты акция басталған-ды. Содан бері өңірдің әр аудан-қаласында жаппай домбыра тарту іс-шаралары өтіп келеді. Енді, міне, осынау «Күй шеруі» керуені Сарыкөл ауданына да жетіп отыр.
“Қостанай таңы” газеті ұйымдастырған “Дін және қоғам” байқауының жеңімпаздары марапатталды
БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында облыстық «Қостанай таңы» газеті жариялаған «Дін және қоғам» облыстық байқауының қорытындысы жарияланды. Жүлдегерлер қарт басылымның 102 жылдығы қарсаңында лайықты жүлделерін иеленді.
Бүгін «Қостанай таңы» газетінің құрылғанына 102 жыл толды!
Бүгін өңір баспасөзінің қарашаңырағы – облыстық «Қостанай таңы» газетінің туған күні! Қазақтың алып тұлғалары, көрнекті қайраткерлер – Мұхамеджан Сералин мен Бейімбет Майлин «Ауыл» атауымен ашқан басылымның жарық көргеніне 102 жыл толып отыр.
XXV республикалық «Абай оқулары» өтіп жатыр
10-13 маусым аралығында Абай облысындағы «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешенінде XXV республикалық «Абай оқулары» өтеді. Көркемсөз байқауына 8-11 сынып оқушылары қатысуда. Байқаудың мақсаты – қазақ халқының әдеби мұрасын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық қазақ әдебиетін оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, Абай мен Шәкәрім шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлылар поэзиясына, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
“Домбыра-думан” байқауы шақырады!
«Қостанай таңы» газеті Домбыра күніне орай мектеп оқушылары арасында «Домбыра-думан» облыстық бейнебайқауын жариялайды! Ұлт аспабына бейімі бар балдырғандар мен жасөспірімдерді ерекше байқауда бақ сынауға шақырамыз! Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге демеушлеріміз тағайындаға бағалы сыйлықтарымыз бар!