Бибіш Рақымжанқызы «Қостанай таңы» газетін 72 жыл бойы үзбей жаздырып келеді. Бес жасында-ақ аға-апаларынан әріп таныған ол ауылдағы құрбыларына газет бетіне жарияланған соғыс жаңалықтарын оқып беретін. Содан бері ата басылым жан серігіне айналған.
Жітіқарадан көне дәуірдің белгілері табылды
Жітіқара ауданында республикалық қаржыландыру грантының есебінен жүзеге асырылатын екі қорғанды зерттеу бойынша далалық ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Осы жұмыстарды жүргізу үшін Ә.Марғұлан атындағы археология институтының мамандары келді.
Серікбай Оспанұлы республикалық әдеби байқаудың жеңімпазы атанды
Ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, мақтаныш тұтар жерлесіміз Серікбай Оспанұлы «Әдебиет. Рух. Қоғам» республикалық әдеби байқауының жеңімпазы атанды.
Парасатты тұлға
2023 жылдың 25 қыркүйегінде «Л. Н. Толстой атындағы облыстық әмбебап кітапханасында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында «Биік парасат иесі» әдеби кеші өтеді.
Ерлік пен елдік – аламан айтыс арқауы
Халық батыры Амангелді Имановтың 150 жылдық мерейтойы Батпаққара өңірінде дүркіреп өтті. Осы мерекедегі ең айтулы оқиғалардың бірі – «Ардагер Амангелді – ердің ері» атты республикалық ақындар айтысы. Елдің түкпір-түкпірінен аузымен құс тістеген айтыскерлер келіп қатысқан аты шулы аламан туралы ақпарат газетімізде бұған дейін де жарияланған еді. Бүгін сүлейлер сайысын тарқатыңқырап жазбақпыз…
Романдар байқауының үшінші кезеңі басталды
“Mecenat.kz” әдеби байқауының III мауысымына романдарды қабылдау басталды. Өтінімдерді қабылдау 2024 жылдың 14 сәуіріне дейін жалғасады.
«Аманкелдіні зерттеудің екінші кезеңі басталды». Батырдың өмірі мен ерлігіне арналған ғылыми конференция өтті
Аманкелді ауданы орталығында «Батырдың биік тұлғасы» атты ғылыми конференция өтті. Тағылымды жиынға Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов, ҚР Парламентінің депутаттары, зиялы қауым өкілдері, сардардың ұрпақтары, туған-туыстары мен аудан тұрғындары қатысты.
Батыр рухына құран бағыштады
Аманкелді Үдербайұлының 150 жылдығына арналған бүгінгі іс-шаралар легі батырдың рухына құран бағыштаудан басталды. Оған Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов та қатысты.
Батыр тұлғасына бүгінгі мінберден көзқарас
Ұлт батыры Амангелдінің 150 жылдығына арналған жобалар легі жер-жерде жалғасын тауып жатыр. Кең ауқымды іс-шаралардың бірі Қостанай қаласында да өтті. «1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс: айтылмай келген ақиқат» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция елордалық және жергілікті ғалымдардың басын қосты. Жиында әйгілі тұлғаға қатысты мәлім де беймәлім деректер ортаға салынды.
1916 жылғы көтерілістің мыңбасы болған Әбіш Рысбаевтың естелігі табылды
Өзімізді өзіміз тануда да, өзгелерге танытуда да төл тарихымызды білу, оның ащысынан сабақ алу елеулі роль атқарады. Облыстық мұрағаттан 1936 жылы Аманкелді Иманов бастаған ұлт-азаттық қозғалысының 20 жылдығына байланысты ұйымдастырылған арнайы экспедиция материалдары табылды. Солардың біреуін оқырмандар назарына ықшамдап ұсынып отырмыз.