Қостанай ауданының прокуратурасы талдау барысында мемлекеттік сатып алу саласындағы заң бұзушылықтарды анықтады.
Есірткі сатқан студент 11 жылға сотталды (ВИДЕО)
Қостанайда спорт факультетінде оқитын студент есірткі таратқаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ресейден Қазақстанға сертификатсыз 170 тоннадан астам картоп әкелуге тырысты
ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Костанай облыстық инспекциясы Ресей Федерациясымен шекаралас аймақта орналасқан «Қайрақ» фитосанитарлық бақылау бекетінде 12 заң бұзушылықты анықтады деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Заңсыз темекі өнімдері тәркіленді
Мемлекеттік кірістер органдары шекара қызметімен бірлесіп, заңсыз тауар айналымын анықтау жұмыстарын белсенді жүргізуде. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл шеңберінде сәуір айында ҚР азаматының жалпы құны 77 620 620 теңгеге 100 806 пакет мөлшерінде заңсыз темекі өнімін әкету фактісі тоқтатылғанын хабарлады.
Алаяқтар медицина саласы қызметкерінің 15 млн теңгесін қолды қылды
Қостанайда полицейлер дабыл қағуда. Интернет алаяқтардың кесірінен халық шығынға ұшырып жатыр. Полиция басқармасының бастығы Болат ИМАНОВ 2023 жылмен салыстырғанда интернет алаяқтық саны едәуір артқанын, оның залалы 360 млн теңгені құрағанын хабарлайды.
Ақбөкен етін заңсыз сатқаны үшін сотталды
Арқалық қаласының аумағында бір азамат ақбөкен етін заңсыз сатып келген. Одан ақбөкеннің 5 ұшасы тәркіленіп, осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Облыстық прокуратураның мәліметінше, мемлекетке келтірілген залал 21 млн теңгеден асып отыр.
Алаяқтан айла артылар емес
Қалада тіркелген әрбір үшінші қылмыс алаяқтық санатына жатады. Жыл басынан бері 667 қылмыс тіркелген. Күн сайын қаланың бес тұрғыны интернет алаяқтардың арбауына түсіп қалады.
Бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды
Облыстық ПД қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Рудный қаласының екі тұрғынына күш қолданып, моральдық қысым көрсеткен топтың бұған дейін адамдардан бірнеше автокөлік, мотоцикл, қарда жүретін көлік, сондай-ақ iPhone 15 маркалы 5 телефон мен ақша қаражатын бопсалап келгені белгілі болды.
Прокурорлар мемлекет мүддесін қорғады
Қостанай қаласының прокуратурасы мемлекет мүддесін қорғау мақсатында құны 3,3 миллион теңгені құрайтын көлік құралын тәркілеу шараларын қабылдады.
Қостанай облысының табиғатты қорғау прокуратурасы мемлекетке аңшылық алқаптарды қайтарды
Қостанай облысының табиғатты қорғау прокуратурасы тексеру барысында 2011 жылы «Сильвер СК» ЖШС-не Қамысты ауданының аумағында 212 мың гектар алқапты аңшылық шаруашылығын жүргізуге құқық бергені анықталды деп хабарлайды облыстық прокуратура өкілдері.
