Бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды
Қылмыс

Бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

Облыстық ПД қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Рудный қаласының екі тұрғынына күш қолданып, моральдық қысым көрсеткен топтың бұған дейін адамдардан бірнеше автокөлік, мотоцикл, қарда жүретін көлік, сондай-ақ iPhone 15 маркалы 5 телефон мен ақша қаражатын бопсалап келгені белгілі болды.

Толығырақ
Қостанай облысының табиғатты қорғау прокуратурасы мемлекетке аңшылық алқаптарды қайтарды
Басты жаңалықтар, Қылмыс

Қостанай облысының табиғатты қорғау прокуратурасы мемлекетке аңшылық алқаптарды қайтарды

Қостанай облысының табиғатты қорғау прокуратурасы тексеру барысында 2011 жылы «Сильвер СК» ЖШС-не Қамысты ауданының аумағында 212 мың гектар алқапты аңшылық шаруашылығын жүргізуге құқық бергені анықталды деп хабарлайды облыстық прокуратура өкілдері.

Толығырақ
Қостанай облысының полицейлері 8 келі марихуана тәркіледі
Қылмыс

Қостанай облысының полицейлері 8 келі марихуана тәркіледі

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Қостанай қаласы ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері марихуана есірткі заттарын заңсыз өткізуді жүзеге асырған Қостанай облысының тумасы, 50 жастағы ер адамды ұстады.

Толығырақ
Қостанайда Ұлттық жоба шеңберінде заңсыз сыйақы алған қадағалау тобының басшысы ұсталды pixabay.com
Басты жаңалықтар, Қылмыс

Қостанайда Ұлттық жоба шеңберінде заңсыз сыйақы алған қадағалау тобының басшысы ұсталды

Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанай облысында денсаулық сақтау объектілерін салу кезінде заңсыз сыйақы алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастағанын хабарлайды.

Толығырақ
Армениядан қаржы пирамидасын басқарған тағы бір күдікті экстрадицияланды
Басты жаңалықтар, Қылмыс

Армениядан қаржы пирамидасын басқарған тағы бір күдікті экстрадицияланды

Бүгін Бас прокуратура және Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері Қазақстан Республикасының Армениядағы Елшілігінің көмегімен қаржы пирамидасын басқарған Қазақстан азаматшасын қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін елге экстрадициялады.

Толығырақ
Жалған құжат жасап, заңсыз сыйақы алған inbusiness.kz
Басты жаңалықтар, Қылмыс

Жалған құжат жасап, заңсыз сыйақы алған

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде ауыл шаруашылығы басқармасының үш қызметкері жалған құжат жасап, пара алды деген күдікке іліккен. Мұның сыртында, ақпараттық жүйеге көрінеу жалған ақпарат енгізген. Бұл жайлы Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Жандос Кенжебаев айтып берді.

Толығырақ