Қостанай автомобиль көлігі колледжінің базасында мамандандырылған металл құю зертханасы ашылды. Енді білім ордасымен «KamLitKZ» ЖШС бірлесіп білікті кадрларды даярлап шығармақ. Аталмыш зертхана студенттер мен металлургия саласындағы мүдделі мамандар мен кәсіпкерлерді оқыту және практикалық тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, қос жақты ынтымақтастық аясында колледж бітірген студенттер кәсіпорынға жұмысқа орналаса алады.
Сапалы кадр саналы ұрпақтан шығады
Әдетте біз, мұғалімдер қауымы өзіміз қызмет етіп жүрген білім саласына қатысты жаңалық болмаса, үлкен мінберлерде айтылған сөздерге елеңдей бермейтініміз жасырын емес. Бірақ Жолдаудың жөні бөлек. Оны тыңдамау, үн қоспау – өзің өмір сүріп отырған қоғамнан тыс қалу деген сөз.
Тәрбие мен білім егіз ұғым
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деп бекер айтылмаған. Қаншама уақыт өтсе де өзінің құндылығын, өзектілігін жоймайтын бір маңызды мәселе бар, ол – жас ұрпақ тәрбиесі. Мектеп баланы тәрбиелеуде жан-жақты білім берумен қатар, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда мектеп пен отбасы ынтымақтастығына баса мән берудеміз. […]