Бүгін Астанада VII Astana Media Week 2023 медиа форумы басталды. Дәстүрлі, кең ауқымды іс-шараны Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған.
Сайын даланың БОЗТОРҒАЙЫ
Біздің қазақ әнқұмар халық. Біреу қолына домбыра ұстап, ән сала бастаса еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін елең етіп, құрметтеп отыратын халықпыз. Әнді асыл өнерге бағалаған бабаларымыз “Беу! Бәрекелді!” деп әншіні қошеметтеп, әнге теңдесіз өнер, әншіге талант деген теңеу айтылған. Бұл – өнерге елітіп, сөз қадірін білетін халық үшін заңды құбылыс.
Қостанай облысында 3,2 млрд теңге сомасына қайырымдылық көмек көрсетілді
Қостанай облысында жалпы сомасы 4,7 млрд теңгеге 16 қайырымдылық жоба мен бағдарлама іске асырылуда, оның ішінде 3,2 млрд теңге сомасына қайырымдылық көмек көрсетілді, 1,5 млрд теңгеге қолдау көрсету жоспарлануда.
Аңыз туралы туынды
Қазақстан футболының аңызы, кезінде «Тобыл» командасының үздік бомбардирі болған Нұрбол Жұмасқалиев туралы қысқаметражды «Long shot» фильм көрермендерге жол тартты. Жексенбі күні Қостанайдағы «Қазақстан» кинотеатрында туындының тұсаукесері өтті.
Аманкелді – 150. Нұрлан Есенқұлов айтыстың бас жүлдесін жеңіп алды
А.Имановтың 150 жылдығына арналған “Ардагер Аманкелді – ердің ері” атты республикалық айтыс аяқталды. Бас жүлдені жеңіп алған шымкенттік ақын Нұрлан Есенқұловқа автокөліктің кілті табыс етілді.
“Ардагер Аманкелді – ердің ері” республикалық айтысы өтіп жатыр (ФОТО)
Аманкелді ауданында Аманкелді Имановтың 150 жылдығына және ауданның құрылғанына 95 жыл толуына орай “Ардагер Аманкелді – ердің ері” атты республикалық айтыс басталды. Айтысқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген ақындар бақ сынауда.
Шекарашылардың керемет тартуы
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаменті облыстық драма театрымен бірігіп, әскери қызметшілердің жауынгерлік қызметі туралы “Шекара” атты спектакль дайындады деп хабарлайды департаменттің өкілдері.
Қостанай филармониясының маусымашар концерті өтеді
Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясы, Н.Молдахметов атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі ертең «Дала дүбірі» атты концертін өткізеді.
Баянауылға Торғайдың ыстық сәлемін жеткізді
Павлодардың Баянауылында Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 165 жылдық мерейтойына арнайы ұйымдастырылған «Көне ғасыр күмбірі» атты жыршы-термешілер байқауы өтті. Оған өңіріміздің Алтынсарин ауданынан шақырту алған жас термеші Әбдрахман Алпысов қатысып, жүлделі оралды.
Қостанайда ашылған балалар көрмесі бір айға жалғасады
Облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Әлем балалар көзімен» тақырыбында жас қолөнершілердің көрмесі ашылды. Оған 300-ден астам 4-тен 17 жасқа дейінгі балалардың туындылары қойылған.