Рудный қаласының орталық алаңында Ұлттық домбыра күніне арналған ерекше мәдени іс-шара – «Күй шеруі» жобасының аясындағы мерекелік концерт өтті. Бұл бастама – тек өнер мерекесі емес, ұлт рухын, халықтың жады мен мәдени танымын жаңғыртқан тағылымды іс-шараға айналды.
Қостанай даласын күй тербейді: Ұлттық Домбыра күніне арналған күй шеруі басталды
Қостанай облысында Ұлттық Домбыра күніне арналған ауқымды күй шеруі бастау алды. Федоров ауданынан басталған іс-шара таңғы 10:00-де Жанкелдин ауданында жалғасты, кешкі 20:00-ге дейін Қостанай өңірін күмбірлеген күйге бөлейді.
Домбырам не дейді?
Ұлттық Домбыра күні биыл да дүркіреп өтті. Мерекеден мезеттік қана әсер алдық па, әлде бұны өңірдің мәдени өміріндегі орны бөлек оқиғаға балауға бола ма? Жалпықалықтық сипат алған күй тарту акцияларының рухани маңызы қаншалық? Домбыра насихатының оң ықпалы, елеулі нәтижесі бар ма? Ой жүгіртіп көрсек…
Күймен көмкерілген кеш
Ұлттық Домбыра күні мерекесі аясындағы «Күй-шеру» акциясы Қостанай ауданының Тобыл қаласында да дүркірей өтті. Жаппай күй тарту челленджіне қатысушылар «Алтын дән» мәдениет үйі алдындағы алаңда тізбек құрды. Думанды тамашалауға жиналған дүйім жұрт күй мен сазға, ерекше әсерге бөленді.
Жансая Сейітқалиева – «Салкүрең»
Рудныйдағы «Алтын домбыра» студиясының тағы бір оқушысы «Домбыра-думан» байқауына қатысып отыр. 12 жасар Жансая Бердалықызы балдырған домбырашылардың облыстық сынына халық күйі «Салкүреңді» жолдаған екен. Жас дарынға сәттілік тілеп қойяйық. https://youtu.be/fYBg_takXFU
Меруерт Қайреден – «Ер Тұран»
«Домбыра-думан байқауының үміткері – Меруерт Қайреден Науырзым ауданында туған. Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернаттың 8-сынып оқушысы. Осы интернаттағы «Ыбырай толқындары» ансамблінің мүшесі. Бірнеше халықаралық февтивальдің гран-при және I орын иегері. Меруерт бастауыш сыныптан сурет, театр, домбыра үйірмелеріне қатысып жүріп, домбыраны таңдады. «Қостанай таңы» ұйымдастырған облыстық оқушылар байқауына Әбдімомын Желдібаевтың «Ер Тұран» атты күйін жолдап отыр. https://www.youtube.com/watch?v=RcSWMKxUXVc
Даниял Мырзабеков – «Тепең көк»
Даниял Нұрғисатұлы 12 жаста. Рудный қаласындағы «Алтын домбыра» студиясының тәлімденушісі. «Домбыра-думан» байқауына арнап халық күйі «Тепеңкөкті» орындапты. Балдырғанға сәттілік! https://www.youtube.com/watch?v=74x8zQCEY1o
Алмас Серікболов – «Әлқисса»
Алмас Құралұлының жасы 12-де. Бірақ өнері өзге үміткерлерден кем түспейтіндей. Рудный қаласындағы «Алтын домбыра» студниясының оқушысы. «Домбыра-думан» байқауына Нұрғисаның «Әлқисса» күйін орындап, жолдап отыр екен. Бірге тыңдап, бағасын беріп көрейік. https://youtu.be/PwBxB2XiWNM
Дүниеге келген сәбиге домбыра сыйлады
Ұлттық домбыра күнінде қарасулық Крюковский әулеті үлкен қуанышқа кенелді. Себебі әулеттің мұрагері дүние есігін ашты. Жеті күй шертілер күні әулеттің сегіз жыл күткен мұрагері Қостанай шаһарында шыр етіп жарық дүниеге келді. Өмірге келген ұл қазақтың әніне бөленіп, күйімен тербелді.
Диас Сламхан – «Айжан қыз»
«Домбыра-думан» байқауына қатысып жатқан жасы кіші дарындардың бірі осы батыр шығар. Диас Ізжанұлының таңдаған күйі – әйгілі Құрманғазының «Айжан қыз» аталатын туындысы. Рудный қаласының намысын қорғағалы тұрған балдырған «Алтын домбыра» студиясынан тәліп алып жүр. Ендеше, бейнематериалына назар сала қарап, зейін қойып тыңдап, лайықты бағасын берейік! https://youtube.com/shorts/i1oik78buvU?feature=share
