«Ұлы дала жорығы» марафонына биыл қостанайлықтар алғаш рет қатысып, жақсы нәтиже көрсетуде. Кеше ғана жарыстың он екінші кезеңі өз мәресіне жетті.
«Ұлы дала жорығына» аттанды
Заречный кентіндегі «Арғымақ» ипподромында өтетін Астана-Түркістан (1300 км) бағыты бойынша Қостанай облысы құрамасының «Ұлы дала жорығы» Республикалық ат марафонына қатысуына орайластырылған салтанатты іс-шара өтті.
Чехия «Тобыл» сапындағы Ресей-Беларусь ойыншыларына рұқсат берді
«Тобыл» ойыншылары Иван Коновалов, Павел Киреенко, Альберт Габараев, Павел Забелин және фитнес-бапкер Евгений Кресик Шенген визаларын алды, деп хабарлады «Тобыл» футбол клубының ресми сайтынан. Аталған футболшылар Чехияның Пльзень қаласына келіп, командаға қосылды. Бүгін қостанайлықтар Конференция лигасының плей-офф кезеңі аясында «Викторияға» қарсы матч өткізеді.
Чехия «Тобылдың» ЕАЭО легионерлерін елдеріне кіргізуге рұқсат бермейтін болды
Қостанайлық ұжым сапында өнер көрсететін Ресей-Беларусь елдерінің футболшылары «Виктория» Пльзеньге қарсы қарымта кездесуді өткізіп алғалы тұр. Бұл туралы клуб қожайыны Әлімжан Қалдияров әлеуметтік парақшасында айтты.
Жерлесіміз халықаралық жарыстың күміс жүлдегері
Қостанайлық Маргарита Гриценко дзюдодан 78 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Португалияның Гайя қаласында өткен Еуропа ашық кубогының күміс медалін жеңіп алды деп хабарлайды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы.
Милич Чурчич: «Бұл – біздің алаң»
Қостанайдың «Тобылы» футболдан Конференция Лигасының плей-офф кезеңін Чехияның «Виктория» Пльзень командасымен өткізеді. Ертеңгі Қостанайдағы ойынның алдында команда бас бапкері журналистердің сауалдарына жауап берді.
Қазақы тазылар алғаш рет әлемдік көрмеге қатысады
Биыл 21-23 тамыз күндері Женевада Халықаралық кинология федерациясы (FCI) Бас ассамблеясының отырысы өтеді. Оның аясында ұйымдастырылатын «World Dog Show-2023» иттер көрмесіне Қазақстаннан екі тазы қатысады.
Өңірімізде ат спорты қалай дамып жатыр?
Башқұртстанның Баймақ қаласында өткен «Башқұрт Аты» халықаралық фестивалінде Қазақстан атынан барған Қостанай облысының «Олжа» командасы бас жүлдені жеңіп алып, 1 млн рублді қанжығалады. Осы жөнінде және өңіріміздегі ат спортының аяқ алысы жайлы команда бапкері Бақдәулет Асановтан білген едік.
«Тың-2023» облыстық спартакиадасы аяқталды
Алтынсарин ауданында үш күнге ұласқан облыстық спорт додасы мәреге жетті. Облыстың барлық аудан-қалаларынан екі мыңға жуық қатысушы спорттың 19 түрінен сайысқа түсті.
Бүгінгі ойынды бірге көрейік!
«Орталық» стадион әкімшілігі «Базельге» қарсы ойынның онлайн-көрсетілімін ұйымдастырады.
