ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде шығармашылық мамандыққа мемлекеттік білім беру гранттарын бөлу бойынша отырыс өтті. Талқылауға Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Оқу-ағарту министрлігінің, Ғылым және жоғары білім министрлігінің, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының өкілдері, ЖОО басшылары және т. б. қатысты.
Елімізде су шаруашылығы және ирригация университеті құрылмақ
Үкімет еліміздің су шаруашылығы саласына кадр даярлау шараларын қолға алуда. Тараз қаласында жаңадан құрылған су шаруашылығы және ирригация университеті өз жұмысын бастайды. Тиісті қаулыға ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов қол қойды.
Институт түлегі Кореяда білім беруге аттанды
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы бойынша 2023 жылғы түлегі Ақбөпе Баярыстан Корея Республикасындағы шетелдік оқушыларға сабақ беру мүмкіндігін иеленгендігі туралы бұдан бұрын да айтқан болатынбыз.
Қазақстандық құрама IBO-2024 олимпиадасында 100% нәтиже көрсетті
Астанада биологиядан оқушылар арасындағы ең беделді халықаралық олимпиада IBO-2024 өз мәресіне жетті деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Жаңа ректор, жаңа көзқарас
Өткен айда Рудный индустриалды университетіне жаңа ректор тағайындалған болатын. Білім ордасының басшысы болып Нұрбек Сапарходжаев сайланды. Ол бұған дейін Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің бірінші проректоры қызметін атқарған. Жаңа басшы алдағы жоспары туралы журналистермен кездесуінде кеңінен айтып берді.
Қазақстанда ең беделді IBO-2024 халықаралық олимпиада басталды
Астана қаласында оқушылар арасындағы IBO-2024 биологиядан халықаралық ең беделді олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстандықтар 1-сыныпқа қабылдауға 270 мыңнан астам өтінім берді
1 -сыныпқа өтінімдер қабылдау 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Білім сапасы, жазғы демалыс, ҰБТ-дағы жеңілдік…
«Қостанай таңы» газетінің жаңа айдары – «Басшыға бес сұрақ». Бұл жолы облыстық білім басқармасының басшысы Айман Ибраева оқырмандардан түскен сауалдарға жауап береді. Құрметті оқырман, сіздің де көкейіңізде мазалаған сұрағыңыз болса, бізге жолдаңыз, Whatsapp +7 771 213 72 02.
Қазақстан мен Қытай техникалық және кәсіптік білім беруде өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады
ҚР оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ҚХР білім министрі Хуай Цзиньпэнмен кездесті. Екі тарап техникалық және кәсіптік білім беру саласында Қазақстан-Қытай ынтымақтастығын нығайту мәселелерін талқылады деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
Еуропадан жеңіспен оралды
Қостанайдағы Назарбаев зияткерлік мектебі Физика-математика бөлімінің 9-сынып оқушысы Андрей Енбахтов Қазақстан құрама қомандасы сапында EGeo халықаралық олимпиадасына қатысып, жүлделі 1-орынды иеленді.