Қостанай облысына Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрі Бағдат Мусин жұмыс сапарымен келді. Ол ең алдымен Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловпен кездесу өткізіп, өңір елді мекендерін мобильді интернетпен және талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамту жөнінде Жол картасына қол қойды.
Қостанай тұрғындары билік өкілдеріне көкейдегі сауалдарын қойды
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов бастап, құзіретті орган басшылары азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күнін өткізді.
ҚР Президенті «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарын тапсырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын Сапа» және «Парыз» сыйлықтарының иегерлерін марапаттау рәсіміне қатысу үшін Конгресс-орталығына келді. «Алтын сапа» және «Парыз», «Қазақстанның үздік тауары» байқауларының жеңімпаздарын – ел дамуына елеулі үлес қосқан кәсіпкерлерді салтанатты түрде марапаттау рәсіміне қатысушыларды құттықтады.
Қостанайдағы ХҚКО бұрынғы ғимаратқа орала ма?
Бес жыл ішінде облыста көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны үш есеге, ал былтырмен салыстырғанда смартфон арқылы қызмет көрсету 6 есеге ұлғайған. Десе де өңірдегі халыққа қызмет көрсету орталықтарының жай-күйі мәз емес.
Облыс әкімі еріктілерге құттықтауын жолдады
Қостанай облыс әкімі өңірдегі еріктілерді Халықаралық волонтер күнімен құттықтады. Бүгінде облыс көлемінде оқушы, студент, кәсіпкер, қоғамдық және мемлекеттік ұйым өкілдері мен аға буын өкілдерінен құралған 18 мыңнан астам қостанайлық волонтерлікпен айналысуда. Облыста 63 волонтерлік топ жұмыс істейді.Сіздердің төтенше жағдайлар кезінде, жоғалған адамдарды іздеуде, қарттар мен мүгедектерге қамқорлық жасауда, экологиялық және патриоттық бастамаларға қосып жүрген үлестеріңіз […]
ҚР Үкіметі шет елдерден көлік әкелу және оларды пайдалану талаптарын бекітті
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов шет мемелекеттерде тіркелген көліктерді Қазақстанға әкелу және оларды пайдалану талаптарын бекітті. Премьер-министр қол қойған Қаулы primeminister.kz сайтында жарияланды.
Қостанай облысында көлік инфрақұрылымының 2 ірі нысаны пайдалануға беріледі
Өңірде «Қарабұтақ-Қостанай» автожолы мен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай қаласы әуежайы ғимаратындағы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталу алдында тұр. Көлік министрі Марат Қарабаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдің негізгі көлік инфрақұрылымы объектілерінің жай-күйімен танысып, оларды жаңғырту жұмыстарын бағамдап қайтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген сессиясына қатысты
Мемлекет басшысы Минск қаласында өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысты. Беларусь Президенті Александр Лукашенконың төрағалығымен өткен саммитке еліміздің басшысымен қатар, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон келді.
Федоров ауданында медицина мамандарына арналған баспана салынып жатыр
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Федоров ауданына барған сапарында тұрғын үй құрылысының барысымен танысты. Жақында аудан орталығында 24 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Қазіргі уақытта ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл үйдегі пәтерлердің жартысы медицина қызметкерлеріне арналған.
Қазақстан 1 трлн теңгеге жуық активті қайтарып алды – Премьер-Министр
Қазақстан 1 трлн теңгеге жуық активті қайтарды. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.