Бүгін Қостанай қаласында «Қазақстанның ең үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы өтіп жатыр. Оны «Атамекен» ҰКП облыстық филиалы және облыс әкімдігі ұйымдастырды.
Рауан Кенжеханұлы Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамының президенті болып сайланды
Бүгін Астана қаласында “Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы” ҚБ кезектен тыс құрылтайы өтті.
Әлеуметтік желінің адам психологиясына әсері
2023 жылдың басында әлеуметтік желілерде 4,76 миллиард қолданушы бар, бұл бүкіл әлем халқының 60 пайызынан аз ғана. Дегенмен, соңғы айларда әлеуметтік желілер аудиториясының өсу қарқыны бәсеңдеді – бір жыл ішінде жаңа пайдаланушылардың өсімі 137 миллионды құрады, яғни небәрі 3%. Әлеуметтік желі тұлғаға қалай әсері етеді?
БАЙҚАУ! БАЙҚАУ! БАЙҚАУ!
Құрметті оқырман! «Қостанай таңы» бұрымды қыздар мен арулар арасында «Иықтан шашы төгіліп жерге» атты облыстық фотобайқау жариялайды.
Халықаралық жарыстан олжалы оралды
Алматыда өткен Авиа модельдеуден халықаралық жарыстан жерлесіміз Екатерина Куликова жеңіспен оралды.
Ертең “Қазақстанның үздік тауары” жәрмеңкесі өтеді
Ертең сағат 10-нан бастап облыстық әкімдік алаңында “Қазақстанның үздік тауары” көрме-конкурсы өтеді. Іс-шараға өңірдің 200-ден астам кәсіпкері, оның ішінде “Бір ауыл – бір өнім” жобасының қатысушылары шақырылған.
Қайыңдылықтар спартакиада жеңімпазы
Арқалықта жалауын көтерген «Тың-2023» ауыл жастарының жазғы спартакиадасында қайыңдылық жастар спортың әр түрінен ең көп ұпай жинап, жеңіс тұғырына көтерілді.
Қостанайлық жастар он үш жылда алғаш чемпион атанды
Қостанай балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің 2008 жылы туған тәрбиеленушілері футболдан ел чемпионы атанды.
Әулиекөлдік Альмира Жансүгірова “Жыл директоры” атанды
Жерлесіміз, Әулиекөл ауыл шаруашылығы колледжінің директоры Альмира Жансүгірова Алматы қаласындағы Қанипа Бітібаева атындағы республикалық ғылыми-әдістемелік зерттеу орталығы ұйымдастырған “Жыл директоры” республикалық байқауының жеңімпазы атанды.
Үйде – бала, түзде – бәле
Кәмелет жасына толмастан түнімен көше кезетін жеткіншектер баршылық. Олар жас шыбық тәрізді, қалай исең солай бой түзейді. Ең алдымен олардың тәртібіне ата-ана жауапты. Соңғы 18 күн ішіндегі дерекке сүйенсек, тұрмысы төмен 26 отбасы және кәмелетке толмаған 22 бала тіркелген. Бұндай дерек “Түнгі қаладағы балалар” атты республикалық жедел алдын алу шарасы барысында анықталып отыр.