А.Имановтың туғанына 150 жыл толуына арналған өткен спорт жарыстары аяқталды.
“Аманкелдіні зерттеудің екінші кезеңі басталды”. Батырдың өмірі мен ерлігіне арналған ғылыми конференция өтті
Аманкелді ауданы орталығында “Батырдың биік тұлғасы” атты ғылыми конференция өтті. Тағылымды жиынға Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов, ҚР Парламентінің депутаттары, зиялы қауым өкілдері, сардардың ұрпақтары, туған-туыстары мен аудан тұрғындары қатысты.
Батыр рухына құран бағыштады
Аманкелді Үдербайұлының 150 жылдығына арналған бүгінгі іс-шаралар легі батырдың рухына құран бағыштаудан басталды. Оған Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов та қатысты.
“Ардагер Аманкелді – ердің ері” республикалық айтысы өтіп жатыр (ФОТО)
Аманкелді ауданында Аманкелді Имановтың 150 жылдығына және ауданның құрылғанына 95 жыл толуына орай “Ардагер Аманкелді – ердің ері” атты республикалық айтыс басталды. Айтысқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген ақындар бақ сынауда.
Қонайда құрылысы созбаққа түскен мектеп үшінші тоқсанда пайдалануға беріледі
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Қонай шағын ауданының тұрғындарымен кездесті. Өңір басшысы аудандағы құрылыс жұмыстары аяқталып біткенше ай сайын кездесуге келіп тұруға уәде еткен болатын. Өткен айда берілген тапсырмалардың едәуірі орындалғанына көз жеткізді. Тұрғындар да жасалған жұмысты растап отыр.
АМАНГЕЛДІ БАТЫР РУХЫНА ТАҒЗЫМ (автожорық күнделігі)
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің бас сардары, халық батыры Амангелді Имановтың 150 жылдығына дайындық ерте басталды. 2023 жылдың алғашқы айында «Амангелді Иман» қоғамдық қоры батыр мерейтойына арналған брендбукты таныстырды. Бұл туралы ресми БАҚ пен әлеуметтік желіде жарыса жазылуын атаулы датаға арналған іс-шаралардың басталуындай қабылдадық. Брендбуктың авторы – танымал суретші, иллюстратор, дизайнер, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Алмас […]
Қостанай облысында әкім сайлауы өтетін пилоттық өңірлер анықталды
Бүгін облыс әкімі Қ.Ақсақаловтың қатысуымен облыстық мәслихаттың сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы өтті.
Қазақстанда жерге зерттеу жүргізетін мемлекеттік институт құрылды
Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанынан жерге экономикалық бағалау жүргізіп, мониторинг жасайтын институт құрылды. Премьер-Министр Әлихан Смайылов тиісті Үкімет қаулысына қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Өңір басшысы Бейімбет Майлин ауданына іссапармен барды
Бейімбет Майлин ауданында ірі инвестициялық жобалар іске асады. Ауқымды жобаның бірі – көкөніс қоймасының құрылысы. “Green Terra” ЖШС жобасының құны – 1 млрд теңге. Қойма 6 мың тонна көкөніс сақтауға мүмкіндік беріп, онда 12 адам тұрақты жұмысқа қабылданады. Нәтижесінде бағаны ішінара өндірілген көкөністерді сақтай отырып тұрақтандыруға болады. Аудан халқымен есептік кездесу өткізген өңір басшысы Құмар […]
Батыр тұлғасына бүгінгі мінберден көзқарас
Ұлт батыры Амангелдінің 150 жылдығына арналған жобалар легі жер-жерде жалғасын тауып жатыр. Кең ауқымды іс-шаралардың бірі Қостанай қаласында да өтті. «1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс: айтылмай келген ақиқат» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция елордалық және жергілікті ғалымдардың басын қосты. Жиында әйгілі тұлғаға қатысты мәлім де беймәлім деректер ортаға салынды.