Тәртіп сақшылары ұшқыштың көмегінсіз полиция, ТЖД қызметіндегі дрон аппараттарымен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қолға алды.
Қаржы пирамидалары туралы нені білу керек?
Қаржы пирамидасы, бұл – азаматтардан заңсыз ақша тартып алудың ең белгілі әрі таралып кеткен әдісі. Таңғаларлық жайт, қаржы пирамидасына қосылу әдетте азаматтардың өз еркімен және құқықтық сүйемелдеусіз іске асады. Осылайша, ешкім салынған қаражаттың қайтарып берілуіне кепілдеме бермейді. Қаржы пирамидасын құру және оны басқаруға ҚР ҚК 217-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Данияр Әбікенов Францияда өткен Халықаралық WorldSkills чемпионатында кәсіби шеберлігі үшін марапатталды
Данияр Әбікенов Қостанай автомобиль көлігі колледжінің студенті. Оның Францияның Лин қаласында өткен 47 Халықаралық WorldSkills чемпионатында «Желілік және жүйелік әкімшілендіру» құзыреттілігі бойынша кәсібилігі жоғары бағаланған.
Өңір басшысы Федоров ауданына іссапармен барды (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов жұмыс сапары барысында бірнеше нысанды аралап, жаңа жобалармен танысып, аудан халқымен кездесу өткізді.
Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды
Жергілікті басқарманың учаскелік полиция инспекторы Нұрлыбек Қаринге жазатайым оқиға туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына барса, тереңдігі 4 метр болатын кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқаруға бірнеше адам жиналып қалған екен.
Қостанайда жастардың жаңа жобасы әзірленіп жатыр
Бұл туралы Қостанай облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов тұрғындармен кездесуінде айтты. Жастар саясатына да мемлекет тарапынан айтарлықтай қолдау көрстелітіп, ипотекалық бағдарламалардың жүзеге асып жатқанын тілге тиек етті.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті БАҚ-тағы жарияланымға қатысты пікір білдірді
2024 жылғы 12 қыркүйекте БАҚ-та және әлеуметтік желілерде Қырғызстан құрамасының көкпар ойыншысына ҰҚК қызметкері қысым көрсеткені туралы ақпарат тараған еді. Осы жағдайға байланысты ҰҚК пікір білдірді.
Ұлттық өнерді жаңғыртқан ұстаз республикалық байқау жеңімпазы атанды
Жітіқараның № 12 мектебінде жыл сайын ұстаздар, ата-аналар, оқушылар бірлесіп ұлттық кілем тоқу акциясын өткізіп келеді. Бүгінде алаша, текемет, сырмақ бұйымдары мектеп ішін көркейтіп тұр.
Арқалықта магистратура ашылды
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының қабырғасынан азаматтарға алған жоғары білімдерін одан әрі жетілдіруге мүмкіндік беретін магистратура ашылды.
АЭС салу қазақ елі үшін тиімді
Қазақстанда АЭС салу туралы мәселе бірнеше рет көтерілді. Атом электр станциясын салу туралы сөз алғаш рет 1990-жылдары қозғалды, бірақ нақты қадамдар жасалмады.