Үкімет көктемгі су тасқынынан зардап шеккен білім беру мекемелері мен ұйымдарын қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруда. Осы мақсатта Үкіметтің төтенше резервінен қосымша қаражат бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-Министр Олжас Бектенов қол қойды.
Қазақстанда болашақ журналистерге арналған жазғы мектеп басталды
Бурабай ауданында журналистикада оқитын студенттерге арналған Media Bootсamp жазғы мектебі ашылды. Жоба жас журналистердің медиа индустриядағы жаңа үрдістер мен инновациялар туралы білімін арттырып, кәсіби машықтарын жетілдіруге бағытталған.
Картоп бағасы өсіп, жұмыртқа арзандаған
Қаладағы 41 супермаркетте 350 әлеуметтік сөре белгіленген. Десекте бірнеше өнім бағасы артып отыр. Мысалы, картоп бағасы 172 теңгеден 177 теңгеге дейін қымбаттаған. Сәбіз бағасы болса, 218 теңгеден 222 теңгеге дейін артқан. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Мира Қазкеева жеткізушілердің бағаны арттырғанын айтады.
П.Кесоглу: «Президент марапаты – менің өнердегі қызметім үшін берілген баға»
Алматыдағы республикалық Достық үйінде Қазақстан Республикасының Халық әртісі Пантелей Кесоглудың 85 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті. Президент мәдениет пен эстрада өнерін дамытуға қосқан зор үлесі үшін әртісті І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды.
Олжас Бектенов: «Барлық нысандар белгіленген мерзімде пайдалануға берілуі тиіс»
Үкімет отырысында Олжас Бектенов суық ауа райының басталуына байланысты құрылыс маусымының жақын арада аяқталуына өңір әкімдерінің назарын аударды.
Қарасуда су бұру арнасы қазылады
Қарасу ауданында жол қатынасының қиындығына байланысты әкімдікке тұрғындар шағым түсірген еді. Көктемгі су тасқынының салдарынан Тымтәуір, Қойбағар, Алабота, Биесойған, Жаншора көлдері бірігіп, судың жалпы аумағы 621,71 шаршы шақырымға жетті, орташа тереңдігі 1,5-2 метрді құрады. Су тасқыны аудан және облыс орталықтары арасындағы жол қатынасын қиындатты.
Қостанайда АҚШ университетінің филиалы ашылды
Облыстың білім беру саласы әлемдік деңгейдегі жоғары оқу орындарының бірімен толықты. Өткен жылы АҚШ Миннесота университетімен жүргізілген келісім оң нәтиже беріп, екі дипломды білім беру жүйесіне сай Computer Science мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы жүзеге асырылатын болды. Бұл туралы облыс әкімі Құмар Ақсақалов желідегі парақшасында жазды.
Такси жүргізушісіне дөрекілік көрсеткен тұрғынға сот үкімі шығарылды
Қостанай қалалық №2 сотының судьясы «ұлтаралық алауыздықты қоздырды» деп айыпталған Тобыл қаласының тұрғынына қатысты үкім шығарды.
Басқа елдерден келген этникалық қазақтарға 55 «Ата жолы» картасы берілді
Бизнес-иммигранттар мен сұранысқа ие мамандардан құралған этникалық қазақтарға Қазақстанда 10 жыл өмір сүруге және жұмыс істеуге құқық беретін 55 «Ата жолы» картасы берілді деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 50 күн қалды
Жылдың ең маңызды әрі ауқымды әлемдік спорттық шарасы – 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына 50 күн қалды. Көшпелілер мәдениетінің бірегей мерекесі саналған әлемдік оқиға дәстүр мен заманауи жетістіктерді насихаттау мақсатында әлемнің түкпір-түкпірінен қатысушылар мен көрермендердің басын біріктіреді.