Ежелгі Түйемойнақ топырағында көз тартар көрікті жерлер аз емес. «Солнышко» лагері аудан орталығынан шамамен екі шақырым қашықтағы биік шатқалдың етегінде орналасқан. Баурайында Тобыл өзені сылдырай ағып жатыр. Қарағай мен қайыңы аралас қалың нудың ішін жайлаған жазғы лагерьге осымен төртінші рет мүмкіндігі шектеулі жандар жиналды.
Рудныйда жаңа спорт алаңы ашылды
Қаладағы «Жанұя» отбасыларға қолдау көрсету және белсенді ұзақ өмір сүру орталығы аумағында жаңа спорт алаңы ашылды. Бұл нысан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында пайдалануға беріліп отыр.
Ударник ауылы интернетке қосылды
Қала іргесіндегі Ударник ауылның тұрғындары Beeline ұялы байланысының игілігін көруге мүмкіндік алды. Елді мекеннің орталығына биік мұнара орнатылып, озық жиіліктегі жылдамдықпен байланыс тетігі іске қосылды. Бұл рәсімді облыстық ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Азамат Кашиев өз қолымен барып ашты.
«Мерейлі отбасы» облыстық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы Лисаков қаласынан келген Шүкіровтер отбасы атанды. Жеңмпаздарға 1 млн еңге көлемінде сертификат табысталады. Шүкіровтар отбасы көпке үлгілі отбасы. Бір шаңырақ астына 49 көп ұлтты баланы жинап, жақсы білім беріп, ешкімнен кем қылмай тәрбилеп отыр.
Облыс әкімі жұмыс сапарымен Қамысты ауданында болды
Биыл қамыстылық диқандар мол өнім алудан үмітті. Үш мың гектар алқапқа егін себіліп, 1655 техника дайындалған. Ылғалдылық мөлшері 16 пайызды көрсетіп тұр. Астық сақтайтын кептіргіш орындары да сақадай-сай. «Қайрат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің диқандары соңғы төрт күнде ауа райы қолайлы болып тұрғанын айтады.
Көлқамыстықтар баспаналы болды
Бүгін Жанкелдин ауданы Көлқамыс ауылында қоныс тойы! Көктемгі алапат су тасқынынан зардап шегіп, баспанасынан айырылған жергілікті тұрғындарға арналып салынған үйлер пайдалануға берілді.
АЭС құрылысы бизнестің дамуына зор серпін береді
Үкімет Қазақстанда атом электр станциясын салу туралы бастама көтерді. Біздің алдымызда еліміздің одан әрі экономикалық, саяси және әлеуметтік дамуының векторын айқындайтын маңызды таңдау тұр.
Қосымша білім беру гранттары жарияланды
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі қосымша білім беру гранттарын тағайындады деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Әз Жәнібек сұлтанға арнап XIV ғасырда жазылған қолжазба табылды
1334 жылы Әз Жәнібек сұлтанға арнап жазылған 96 беттік қолжазба табылды.
ҚазҰӨУ түлегі Эльбрус шыңында «Адай» күйін орындады
Қазақ ұлттық өнер университетінің халықаралық ынтымақтастық және шығармашылық қызмет бөлімінің жетекшісі Әлібек Қайырбек Еуропаның ең биік шыңы – Эльбрус тауын бағындырып, домбырамен «Адай» күйін орындады.