Қостанай облысы білім басқармасы мен Қостанай облысының әйелдер күштері альянсы «Жас көшбасшылар мектебі» жобасын іске асыру туралы меморандумға қол қойды. Өзара ынтымақтастық келісім оқушылардың жаңа бастамаларын дамытуға және қолдауға бағытталған.
Қарамеңдіде тұрғындарға пәтер кілттері табысталды
Науырзым ауданының орталығы Қарамеңді ауылында 18 пәтерлі тұрғын үй халық игілігіне берілді. Сақалды құрылысты қалыпқа келтіруге жергілікті қазынадан 162 млн теңгеден астам қаражат бөлінген еді.
Қазақстанда электронды лездік лотерея сату дүңгіршектерінің қызметіне шектеу қойылды
Мұндай шешім қабылдауға ел азаматтары мен мемлекеттік органдардан келіп түскен арыз-шағым негіз болған.
Букмекерлер салық органдарына бәс тігу мәліметтерін ұсынатын болады
Осы жылдың 12 ақпанынан бастап букмекерлер мен тотализаторлар салық органдарына бәс тігу мәліметтерін ұсына бастайды деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті Арнаулы салық режимдері басқармасының басшысы Ерқанат Шымберген айтты.
Азық-түлік бағасы тұрақтандыру қоры арқылы реттеледі
Қостанай қаласында жыл басынан бері жұмыртқа 14 теңгеге, нан бағасы 171 теңгеден 176 теңгеге қымбаттаған. Оған себеп өнімнің өзіндік құнының өсуі. Яғни, коммуналдық шығындар, жұмысшылардың жалақысы, логистикамен қатар, ветеринарлық өнімдер мен қоспалардың да бағасы артқан.
Жаңа кейіпке енген Арқалық музейі көрермендеріне есігін айқара ашты
Еске сала кетсек, бұған дейін күрделі жөндеудан өткен мұражай ғимаратына рекспозиция жұмыстары жүргізілген еді. Нәтижесінде, екінші және үшінші қабаттардағы 8 залға жәдігерлер тақырыпқа сай заманауи үлгіде жабдықталып қойылды.
Қостанайлық жастар «MobFest» республикалық фестивалінің жеңімпазымен кездеседі
Таланттарды қолдайтын ҚР Президенті жанындағы «Дара» қорының бастамасымен ұйымдастырылған «MobFest» фестивалі республика деңгейінде алғаш рет өткен еді. Байқауда бақ сынағандар арасынан 20 видео жұмыс авторлары ең мықты деп танылып, Нью-Йорк кино өнері академиясынан (NYFA) тағылымдамадан өтуге жолдама алды.
Жас сарбаздарға қару-жарақ табысталды
Бүгін 6697 әскери бөлімінің саптық алаңында 2-2023 сарбаздарына салтанатты түрде қару-жарақ табысталды.
Су тасқыны кезеңіне дайындық барысы пысықталды
Көктемде су басуы ықтимал елді мекендердің тізбесіне сәйкес, облыста қауіпті аймақтарда орналасқан 89 елді мекен бар. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте айтылды.
Елімізде жасөспірім қыздарға екпе алу ұсынылды
Қазақстанда 11 жасар қыздарға адам папиллома вирусына қарсы вакцина егу қолға алынбақшы. Бұл шара ата-ананың жазбаша келісімімен жаңа оқу жылының басында қолға алынғалы тұр. Демек, 2024 жылдың күзінде, Қазақстан Республикасының мектептерінде толығымен тегін алуға болады.