Облыста жылу жүйелерінің 67,5%-і көнерген. Өткен жылы ірі жылу көздеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуге 4,3 млрд теңге бөлінді. Мәселен, Арқалық жылу-энергетикалық орталығында алты бу, төрт су жылыту қазандығы, екі турбоагрегатқа күрделі жөндеу жүргізілді. Бұл туралы облыстық энергетика және ТКШ басқармасының бастығы Дәурен Асқаров мәлімдеді.
Аграрлық корпорация қарызды өтеу мерзімін ұзартуды қарастырып жатыр
Газетіміздің өткен санында қостанайлық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өткен жылы алған несиелерін бес-жеті жылға ұзарту мәселесін көтергенін айтқан едік. Өйткені, былтырғы ауа райынының қолайсыздығынан зардап шеккен шаруалар табыс таппақ түгілі, тиісті несиелерін өтей алмады.
Сенатта халықты сапалы және қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды талқылады.
Жыл басынан бері Қазақстан экономикасының өсімі 4,2%-ды құрады
Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров биылғы жылдың қаңтар-ақпан айларындағы жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны туралы баяндады.
БОКСШЫЛАР ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ БЕС ЖОЛДАМАСЫН ЖЕҢІП АЛДЫ
Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының лицензиясы үлестірілетін әлемдік турнир өз мәресіне жетті. Бұл жарысқа Қазақстан құрамасының ерлер және әйелдер арасындағы 11 боксшысы (6 ер, 5 әйел) қатысып, ұлттық құрама қоржынына Париж Олимпиадасының бес жолдамасын салды.
Мемлекет басшысы Әзербайжан Милли Мәжілісінің Төрағасы Сагиба Гафаровамен келіссөз жүргізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Сагиба Гафароваға ілтипат білдіріп, Қазақстан мен Әзербайжанның қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
Жүйелі жұмыс болмай, нәтиже шықпайды
Бүгінде облысымыздың спорт саласында нақты жүйе жоқтың қасы. Соның салдарынан көптеген мәселелер туындап отырғаны жасырын емес. Бұл туралы облыс әкімінің қатысуымен өткен дене шынықтыру және спорт басқармасының алқа отырысында сөз болды.
Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға ескерту жариялады
“11 наурызда түнде Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман, оңтүстік-батыстан жел соғады. Түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с -қа жетеді”, деп хабарлады ТЖД.
Альбина Алданыш «Арқалық аруы – 2024» онлайн байқауының жеңімпазы атанды
Бірінші орынға Ұлжан Бөлеген, екінші орынға Жаннұр Сатыпалды, 3 орынға Мәдина Жауғашты есімді бойжеткендер ие болды.
Торғайлықтар Түркияға жолдама алды
Астанадағы”Alash star” халықаралық байқауында Жанкелдин ауданы “Dan-as” шығармашылық үйірмесінің тәрбиеленушілері бас жүлдені жеңіп алды.