Қостанай облысында көкжөтелмен аурырғандар тіркеліп жатыр. Ол жедел тарайттын, жұқпалы ауру. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ермұханбет Даулетбаевтің айтуынша, жыл басынан бері облыста 3 жағдай тіркелген.
Жерлесіміз ел чемпионы болды
Петропавл қаласында өткен қазақ күресінен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында қостанайлық Сұлтан Төлепов жеңімпаз атанды.
ҚР Туризм және спорт министрі Олимпиада ойындарына жолдама алған еліміздің құрамасын құттықтады
Грузия астанасы Тбилисиде өтіп жатқан семсерлесуден Әлем кубогінің шешуші кезеңінде Қазақстан ерлер құрамасы Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды.
Ауа райын болжаушылар тұрғындарға ескерту жариялады
Мамандар алдағы тәулікте облыста көк тайғақ болатынын болжап отыр. Әсіресе, оңтүстік батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жылжып, табиғатқа зардабын тигізуі ықтимал.
Олжас Бектенов Астанада Ресей Федерациясының елшілігіне барып, көңіл айту кітабына жазба қалдырды
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Астана қаласындағы Ресей Федерациясының елшілігіне барып, Мәскеудегі «Крокус Сити холл» ойын-сауық кешенінде жасалған лаңкестік әрекетке байланысты көңіл айту кітабына жазба қалдырды.
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысы өтті.
Жастар жалғызілікті қарттарға жәрдемдесті
Арқалықтықтар жақсылық жасап жарысуда. «Наурызнама» онкүндігінің «Тазару күнінде» Арқалық жастары жалғызілікті қарттардың ауласын қардан тазартып, су басу қаупінің алдын алды.
Торғайда Наурыз көше-көше бойында тойланды
Қазақстан тәуелсіздігін алған жылдары ауданның өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан ел азаматы Жақан Қосабаевқа көше аты беріліп, арқа-жарқа той болған еді. Сол жылы Ұлыстың ұлы күнінде, сол көшенің тұрғындары қыр басында ат шаптырған.
Президент Мәскеудегі лаңкестік әрекетке қатысты пікір білдірді
«Қазақстан Мәскеудегі бейбіт азаматтарға қарсы террористік актіні қатаң айыптайды», – деп мәлімдеді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
23 наурыз – Тазару күні
«Наурызнама» онкүндігінің соңғы күні ұлттық экологиялық науқанға арналған. Тазару күні – мемлекеттің экологиялық түйткілдерді шешуге бағытталған іс-шараларына азаматтарды қолдау білдіруі.