Су басқан аудандарда атқарған тынымсыз қажырлы, адал еңбектері үшін Денсаулық сақтау министрінің алғыс хатымен төрт өңірдің, яғни Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының 19 медицина қызметкері марапатталды.
Президент: “Су тасқынын көргенде, көктен түскендей абдырап қалдыңыздар”
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Су тасқынына қарсы шараларды үйлестіру және қарғын су жүру кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысы өтті. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
Облыстың оңтүстік өңіріндегі жолдар жабылды
Қазіргі уақытта облыста 16 түрлі бағыттағы ішкі жолдарды су басты. Осы жағдайға байланысты республикалық, облыстық маңызы бар кейбір жолдарда қозғалысқа шектеу қойылды.
Үкіметте су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген шығынды өтеу тетіктері мен қаржыландыру көздері талқыланды
Үкіметте Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің зардаптарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысы өтті.
Жазушы Сәбит Досанов дүние салды
Белгілі жазушы, драматург, «Отан» орденінің иегері, Мемлекеттік және М.Шолохов атындағы халықаралық сыйлықтардың лауреаты, даңқты жерлесіміз Сәбит Досанов өмірден озды. Қаламгер 84 жасында жарық әлеммен қош айтысты.
Су тасқыны облыстың барлық өңіріне қауіп төндіруі әбден мүмкін
Қостанай облысында су тасқынынан келетін қауіп өрши түсуі ықтимал. Өйткені “Қазгидромет” мамандары бүгіннен бастап сынап бағанасы көтерілетінін болжап отыр. Мұның салдарынан облыстағы басқа өңірлерге де тасқын-селден қатер төнуі мүмкін.
Торғайға материалдық көмек қажет
Төтенше жағдай жарияланғалы су тасқынымен тынымсыз күрес жүргізіп жатқан Жанкелдин ауданына материалдық тұрғыда жәрдем керек. Бұл туралы аудан әкімдігінің өкілдері хабар таратып отыр.
Бірліктен асқан алып күш жоқ
Қадірлі жерлестер, “Қостанай таңы” газетінің Торғай аймағындағы қалың оқырманы!
Көктемгі дала жұмыстарына дизель отынының құны қымбаттамайды – Энергетика министрлігі
Үкімет отырысында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев шаруаларды арзандатылған дизель отынымен қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды баяндады.
Отандық өндірушілер импорттық өнімдермен бәсекелесе алмай отыр
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Қайрат Балабиев отандық жеңіл өнеркәсіп саласындағы өзекті мәселені көтерді.