Онлайн байқау Қостанай облысының дарынды тұрғындарын іздеп табуға, сондай-ақ қазақтың ұлттық аспабы – домбырамен танысуға, қазақ халқының рухани құндылықтарына деген сүйіспеншілікті оятуға бағытталған.
Аманкелді ауданында жол мәселесі қалай шешіліп жатыр?
Көктемгі тасқын Аманкелді-Үрпек жолының да ойран-асырын шығарған еді. Жауын жауса, қазір бұл аралық жеңіл көліктерге өткел бермейді. Мұндай кездері жол жөндеушілерге тиесілі ауыр техникалар жағдайды одан сайын қиындатып жіберетіні бар. Мибатпақ жол ойдым-ойдым шұңқырға айналады.
Жанкелдин ауданының бағалау комиссиялары өз жұмысын аяқтады
Қостанай облысында көктемгі су тасқынының зардаптарын жою жұмыстары жалғасып жатыр. Бірнеше ауданға, соның ішінде Жанкелдин ауданына келген судың салдарынан 88 тұрғын үй әртүрлі дәрежеде зардап шекті.
«Е-Өтініш» ақпараттық жүйесінің жұмысы қорытындыланды
ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің департаменті “е-Өтініш” жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу және өтініштерді, хабарламаларды, сұрау салуларды, жауаптарды, ұсыныстарды қарау туралы дөңгелек үстел өткізді.
“Тазалық-2012” серіктестігі өз ісіне неге салғырт қарайды?
Биыл мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы басталды. Бұған біздің облыс тұрғындары да жаппай үн қосты. Бұл бір реттік науқан емес. Президенттің өзі осылай деді.
Оқу-ағарту министрлігі мен Freedom Holding Corp ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Бұл құжат білім беру ресурстарын дамыту бойынша ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуды көздейді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
ҚР Туризм және спорт министрі гроссмейстер Қазыбек Нөгербекпен кездесті
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев жуырда Үндістанның Гандинагар қаласында шахматтан өткен юниорлар арасындағы әлем чемпионатында топ жарған шахматшы Қазыбек Нөгербек пен Қазақстан шахмат федерациясының президентін жеңісімен құттықтады.
Автомобиль жолдары комитеті сенім телефонын іске қосты
Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, күрделі және орташа жөндеу бойынша жобаларға қатысатын мердігер ұйымдар үшін сенім телефонын іске қосты.
Арқалықта лагерь ашылды
Биылғы жазғы демалыста Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебінің «Ақ желкен» жазғы сауықтыру лагері де өз жұмысын жандандырып, түрлі байқаулар, сайыстар, жарыстар өткізіп жатыр.
Қазақстан мен Ресей шекара маңы аумақтарында шегірткеге қарсы күрес шараларын үйлестіруде
Қазақстанда шегіртке зиянкестеріне қарсы жүргізілетін қорғаныс іс-шараларының тиімділігін төмендетуге жол бермеу және тұрақты фитосанитарлық жағдайды сақтау үшін ҚР АШМ Ресей Федерациясына шекара маңындағы аумақтарда шегірткелердің таралуын бақылауды күшейтуді сұрап хат жолдады. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.