Бұл өңірде ауыл шаруашылығы саласы тұрақты қарқынмен дамып келеді. Соңғы жылдардағы күрделі ауа райы жағдайына қарамастан, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары өндірісті әртараптандыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізді.
Қазақ мектептеріне сұраныс артуда
Бұл туралы Рудный қаласы білім бөлімінің басшысы Темірхан Жайлыбаев айтып отыр. Шағын қаланың білім саласында көптеген жаңалықтар баршылық. Қалада осы талаптан шығатын «Жайлы мектеп» құрылысы жүріп жатыр. Мұның сыртында пайдалануға беріліп жатқан балабақшалар да баршылық.
Соғыста хабар-ошарсыз кеткен майдангерлер туралы деректер топтастырылады
«Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі тарихи жадыны сақтау, аға ұрпақтың ерлігін ұлықтау, сол сұрапыл соғыста хабар-ошарсыз кеткен боздақтарды іздестіру жөніндегі жұмыстармен жүйелі түрде айналысатын бірден бір ұйым.
Башқұрстан елінің ұлттық фотокөрмесі ашылды
Қостанайдағы Достық үйінде башқұрт елінің фотосуретшісі Людмила Камневаның «Ұлт күші» атты фотокөрмесі салтанатты түрде ашылды. Бұл көрме Башқұртстанның бай мәдениеті мен салт-дәстүрін ерекше көрсетуге арналған.
Су тасқыны кезінде бұзылған жол жөнделетін болды
Көктемгі су тасқыны облыстағы көптеген елді мекен тұрғындарын әуре-сарсаңға салып қойды. Мәселен, Құсмұрын-Новопавлов ауылдарын жалғап жатқан жол жүруге келмейді. Амалдары таусылған жергілікті тұрғындар күре жолдағы жағдайды таспаға тартып, біздің редакциямызға жолдапты.
Жазушыға құрмет көрсетілді
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы Қойшығара Салғараұлының 85 жылдығына арналған «Қазақ тарихының тамыршысы» атты кеші Қостанайда аталып өтті.
Арқалықтың үй жануарларына екпе салынды
Арқалық аумақтық ветеринарлық станциясы мемлекеттік бағдарлама аясында халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарының иттері мен мысықтарына екпе жасап беріп жатыр.
Рудный қаласының тұрғыны пышақ жарақатын алған итті көріп полицияға шағымданды
Ол жануарды қорғау үшін дереу полицияға қоңырау шалған. Полиция қызметкерлері қылмыс жасады деген күдікпен 41 жастағы жергілікті тұрғынды «Ізін суытпай» ұстап алған.
Аманкелдіде жаңа қазандық пайдалануға берілді
Аманкелді кентіндегі жарылыс болған №2 жылу қазандығының орнына салынып жатқан блокты-модульді жылу қазандығының құрылысы аяқталды.
Торғайда тұманнан адасқан тағы бір малшы табылды
Оның жоғалғаны туралы бүгін таңертең мәлім болды. 1967 жылы туған ер адам кеше таңертең Жанкелдин ауданының Шеген ауылына қарай қой іздеуге шыққан деп хабарлайды ТЖМ.