ҚР оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ҚХР білім министрі Хуай Цзиньпэнмен кездесті. Екі тарап техникалық және кәсіптік білім беру саласында Қазақстан-Қытай ынтымақтастығын нығайту мәселелерін талқылады деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
Әулиекөл ауданының тұрғыны құс фермасын ашты
Облыстың түкпір-түкпіріндегі кәсіпкерлер “Ауыл аманаты” бағдарламасының жемісін көріп отыр. Солардың бірі – Әулиекөл ауданына қарасты Чернигов ауылының тұрғыны Тахир Сапаев.
Еуропадан жеңіспен оралды
Қостанайдағы Назарбаев зияткерлік мектебі Физика-математика бөлімінің 9-сынып оқушысы Андрей Енбахтов Қазақстан құрама қомандасы сапында EGeo халықаралық олимпиадасына қатысып, жүлделі 1-орынды иеленді.
Аутизммен ауыратын балаларға деген қамқорлық неге мардымсыз?
Өңірде үнемі күтімді талап ететін аутизмі бар балалардың саны, өкінішке қарай, екі жүзден асып жығылады. Әлеуметтік мәртебе алмағандары кәмелетке толған шақта қоғамнан тыс қалғандай күй кешеді. Себебі біздегі заң шеңбері қоғамның осал тұстарын қорғауға қауқарсыз ба дерсің…
Арқалықта Белсенді ұзақ өмір орталығы ашылды
Қазір еліміздің барлық жерлерінде ардагерлердің бос уақытын ұйымдастыру, олардың көңілді демалуларына жағдай жасау үшін Белсенді ұзақ өмір орталықтары ашылып жатыр. Осындай орталық жақында Арқалық қаласында да қолданысқа енгізілді.
Төлеген Оспанқұлов: “Министрлік өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету міндетін қойып отыр”
Еліміздің кәсіпорындарында 600-ден аса қызметкер зардап шекен. Олардың 79-ы қаза тапқан. Өндірістік жарақаттанудың жоғары деңгейі Қостанай, Абай, Қарағанды облысында және Алматы қаласында байқалады. Айталық, Қостанай облысында жыл басынан бері 69 адам зардап жегіп, оның тоғызы өлім құшқан.
Нұрбол Жұмасқалиев – бас бапкер
«Тобылдың» бас бапкері болып Нұрбол Жұмасқалиев тағайындалды деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
Қасым-Жомарт Тоқаев қолға алынған ауқымды энергетикалық жобаларды тиімді жүзеге асыру қажет екенін айтты
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Сарыкөл ауданындағы домбыра думаны (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Ұлттық Домбыра күніне орай, облыста маусым айынан бастап «Күй шеруі» атты акция басталған-ды. Содан бері өңірдің әр аудан-қаласында жаппай домбыра тарту іс-шаралары өтіп келеді. Енді, міне, осынау «Күй шеруі» керуені Сарыкөл ауданына да жетіп отыр.
Астана халықаралық университетінің базасында Бейжің Тіл және мәдениет университетінің филиалы ашылды
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР басшысы Си Цзиньпин Астана халықаралық университетінің базасында Бейжің Тіл және мәдениет университетінің филиалын ашты. Бұл туралы Ақорда хабарлады.