Ұлттық Домбыра күні мерекесі аясындағы «Күй-шеру» акциясы Қостанай ауданының Тобыл қаласында да дүркірей өтті. Жаппай күй тарту челленджіне қатысушылар «Алтын дән» мәдениет үйі алдындағы алаңда тізбек құрды. Думанды тамашалауға жиналған дүйім жұрт күй мен сазға, ерекше әсерге бөленді.
Әмірхан Асанов: “Жұмыс көзі жеткілікті”
Арқалықта көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерді жұмыспен қамту үшін екінші мәрте жұмыс жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Қазақстанда мал және өсімдік шаруашылығының генетикалық орталығы құрылады
Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Мемлекет пен бизнес Қазақстанда құнды асыл тұқымды мал мен мал азықтық дақылдарды өсіру үшін күш біріктірмек.
Президент ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан құрама командасының мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрама спортшыларымен кездесуде Парижде басталатын дүбірлі доданы бүкіл әлем асыға күтетінін әрі оған төрткүл дүние түгел көз тігіп отырғанын айтты. Сонымен қатар үздіктердің үздігі бақ сынайтын байрақты бәсекеге ең мықты спортшыларымыз бара жатқанын атап өтіп, ел намысын қорғау абыройлы міндет екеніне тоқталды.
Елімізде жол инфрақұрылымының виртуалды көшірмесі жасалып жатыр
Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты автомобиль жолдарының виртуалды көшірмесін әзірлеу бойынша жұмысты бастап кетті деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.
“Қазақ тұлпарының” екінші өмірі басталады
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Қостанай жылқы зауытына барғанда осылай деді.
Қостанайда жылу желілеріндегі апат айтарлықтай азайған
Осы жылдың алты айындағы дерек бойынша, Қостанай облысындағы төрт жылу-энергетика орталықтарындағы орташа тозу көрсеткіші 67,5% болып тұр (2022 жыл – 69,7 %, 2023 жыл – 68,4 %). 2025 жылға дейін бұл көрсеткішті 43% дейін азайту көзделіп отыр. Облыс әкімдігінде өткен кеңесте осы жөнінде айтылды.
Қостанайлық спортшы ел чемпионатының екі дүркін жеңімпазы атанды
Өскемен қаласында өткен дәстүрлі садақ атудан жасөспірімдер арасындағы республикалық чемпионаттан жерлестеріміз олжалы оралды. Лаура Кусалина осы жарыста Қазақстан республикасының екі дүркін жеңімпазы атанып отыр.
Облыс әкімінде жаңа орынбасар
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың өкіміммен 9 шілдеден бастап Гүлбарам Мұсағазина Қостанай облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
Арқалықта су тасқынымен күреске белсене атсалысқандар марапатталды
Биылғы көктемгі су тасқыны кезінде көпшілікке көмектесіп, асқан белсенділік танытқан азаматтар «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен, «Құтқару операцияларнына белсенді қатысқаны үшін», «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгілерімен және ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің түрлі мадақтамаларымен марпатталды.