Облыстың білім беру саласы әлемдік деңгейдегі жоғары оқу орындарының бірімен толықты. Өткен жылы АҚШ Миннесота университетімен жүргізілген келісім оң нәтиже беріп, екі дипломды білім беру жүйесіне сай Computer Science мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы жүзеге асырылатын болды. Бұл туралы облыс әкімі Құмар Ақсақалов желідегі парақшасында жазды.
Такси жүргізушісіне дөрекілік көрсеткен тұрғынға сот үкімі шығарылды
Қостанай қалалық №2 сотының судьясы “ұлтаралық алауыздықты қоздырды” деп айыпталған Тобыл қаласының тұрғынына қатысты үкім шығарды.
Басқа елдерден келген этникалық қазақтарға 55 «Ата жолы» картасы берілді
Бизнес-иммигранттар мен сұранысқа ие мамандардан құралған этникалық қазақтарға Қазақстанда 10 жыл өмір сүруге және жұмыс істеуге құқық беретін 55 «Ата жолы» картасы берілді деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 50 күн қалды
Жылдың ең маңызды әрі ауқымды әлемдік спорттық шарасы – 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына 50 күн қалды. Көшпелілер мәдениетінің бірегей мерекесі саналған әлемдік оқиға дәстүр мен заманауи жетістіктерді насихаттау мақсатында әлемнің түкпір-түкпірінен қатысушылар мен көрермендердің басын біріктіреді.
10,5 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін жаңа шарттар бойынша алды
«Халықтың көші-қоны туралы» заңды іске асыру аясында 2023 жылғы шілдеден бастап Қазақстанда қандас мәртебесін берудің бес негізгі шартын қамтитын жаңа тәсілдер енгізілді. Оларды іске асыру шеңберінде өткен кезеңде қандас мәртебесі 10 563 этникалық қазаққа берілді деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Баланың денсаулық паспорты электрондық форматқа ауыстырылады
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтерді цифрландыру бойынша жұмыстың шеңберінде баланың денсаулық паспортын электрондық форматқа көшіру жобасын әзірледі деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
Шота ОСПАНОВ: «Ахуал әбден орныққанша уақыт керек»
Торғай даласындағы тасқыннан кейінгі тіршілікке тұтас ел көз тігіп отыр. Табиғи апат есеңгіретіп кеткен ағайын енді ғана ес жиып, еңсе көтере бастады. Қазір зардап шеккен елді мекендерде тұрғын үй құрылысы қызып, шығындар өтеліп, олқылық орнын толтыру жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Осы өңірдегі ахуал мен халықтың қазіргі халі, атқарылып жатқан, жоспарға алынған жұмыстар туралы білмекке Жанкелдин […]
Айназ “Домбыра думан” байқауының жеңімпазы атанды
“Қостанай таңы” газеті редакциясы ұйымдастырған “Домбыра думан” байқауы өз мәресіне жетті. Байқауға облысымыздағы алыс-жақын өңірлерден 20 ға жуық өтінім келіп түсті.
Талғат КАРБОЗОВ: «Өткен жағдай бәрімізді ширықтырды»
Көктемгі тасқыннан кейін қалыпты режимге көшкен ауданның қазіргі ахуалы қалай? Үйінен, мал-мүлкінен айрылып, шығынға ұшыраған халыққа көмек уақытында берілді ме? Аманкелді ауданының әкімі Талғат Карбозов бізге осы сауалдар төңірегінде айтып берді
Ұлттық қауіпсіздік комитеті азаматтарға ескерту жариялады
Қазіргі уақытта алаяқтық әрекет фактілері жиілеп кетті, онда шабуылдаушылар күштік құрылымдардың, соның ішінде ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшыларының атынан азаматтарға жүгінуде деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.